Әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі бас маман

«КТ-Телеком» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
39

Қаралған саны:
297

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеткізушілермен және мердігерлермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • Берілген өкілеттіктер шегінде әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуын үйлестіру;
  • Қызмет көрсету және тауар жеткізуге байланысты шоттарды, орындалған жұмыстар актілерін, жүкқұжаттарды және өзге де құжаттарды мониторингтеу;
  • Әкімшілік-шаруашылық қажеттіліктерге арналған шығындарды талдауға қатысу, есептеулерді дайындау және жеткізушілердің коммерциялық ұсыныстарын салыстыру;
  • Аналитикалық анықтамалар, есептер, презентациялық материалдар дайындау;
  • Белгіленген жұмыс бағыттары бойынша тапсырмалардың орындалу мерзімдерін, шарттық міндеттемелерді және іс-шараларды мониторингтеу;
  • Әкімшілік-шаруашылық іс-шараларын ұйымдастыруға қатысу;
  • Әкімшілік процестерді оңтайландыру мүмкіндіктерін анықтау;
  • Департаменттің қарауындағы қызмет бағыттары бойынша деректерді жинау, жүйелеу және талдау;
  • Қолданыстағы әкімшілік процестерді талдау, оларды оңтайландыру, стандарттау және автоматтандыру мүмкіндіктерін анықтау;
  • Қарауындағы бағыттар бойынша тиімділік көрсеткіштерін мониторингтеу;
  • Әкімшілік процестерді автоматтандыруға арналған электрондық құжат айналымын, ақпараттық жүйелерді және құралдарды енгізуге және жетілдіруге қатысу.

Талаптар:

  • Қызметтің тиісті бейіні бойынша жоғары білім (IT және жобаларды басқару бағыты бойынша);
  • Мамандық бойынша кемінде 2 жыл әкімшілік сүйемелдеу, бизнес-процестерді үйлестіру, жеткізушілермен және мердігерлермен өзара іс-қимыл жасау, шығындарды талдау, есептілікті дайындау немесе өзге сабақтас бағыттар саласында жұмыс өтілі.

Шарттар:

  • Еңбек кодексіне сәйкес РК бойынша ресми жұмысқа орналастыру;
  • Жұмыс кестесі 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
  • Уақытылы жалақы;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы — 30 күнтізбелік күн.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)