Көлік бөлімінің көлік жөніндегі аға инженері (негізгі қызметкер болмаған кезеңге)

«Oil Services Company» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
376

   Конкурс туралы

Қажетті біліктілік:

Білімі: Жоғары (кәсіптік) техникалық, экономикалық немесе қаржылық білім.

Мамандық/кәсіп бойынша тәжірибе: Автомобиль көлігін пайдалану шығындарын жоспарлау және шығындарды басқару саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. 

ҚР заңнамалық және нормативтік актілерін және міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік құжаттарды білу:
1) Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі»;
2) «Автомобиль көлігі туралы ҚР Заңы»;
3) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы»;
4) «Жүк автомобильдерінің пневматикалық шиналарын жеткізу, қабылдау, сақтау және шығару тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі төрағасының бұйрығы;
5) Өрт қауіпсіздігі ережелері»;
6) «Мұнай және газ өнеркәсібінің қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары»;
7) «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы»;
8) «Жол қозғалысы Ережелері»;
9) ҚР СТ ISO 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар»;
10) СТ РК ISO 14001-2016 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық»;
11) ҚР СТ ISO 45001-2019 «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйелері. Талаптар және қолдану жөніндегі Нұсқаулық»;
12) API Spec.Q2 «Мұнай және газ өнеркәсібіндегі қызметтерді жеткізушілер ұйымдары үшін сапа менеджменті жүйесінің талаптары».
Міндеттерді орындау үшін қажетті іскерлік дағдылар мен жеке қасиеттер:
1) Келіссөздер жүргізу;
2) Кеңселік компьютерлік бағдарламаларды, байланыс және коммуникация құралдарын пайдалану;
3) Ақпаратты жинау және талдау, құжаттарды, қорытындыларды, есептерді дайындау;
4) Ауызша және жазбаша коммуникация;
5) Ұқыптылық;
6) Жауапкершілік;
7) Орындаушылық;
8) Командада жұмыс істей білу.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1.        Автомобиль көлігін пайдалануға арналған шығындарды өндірістік қажеттіліктер мен жоспарланған көлік жұмыстарының көлемін ескере отырып, жылдық, тоқсандық және айлық негізде жоспарлайды.
2.        Көлік бөлімінің бюджетін қалыптастыруға, бюджеттік өтінімдерді, есептеулерді және жоспарланған шығындардың экономикалық негіздемелерін дайындауға қатысады.
3.        Автомобиль көлігінің қызметін қамтамасыз ету үшін бастапқы деректерді жинайды және талдайды, материалдық, техникалық және қаржылық ресурстарға қажеттілікті есептейді.
4.        Көлік шығындары бөлігінде шарттардың орындалуына мониторинг жүргізеді, бекітілген бюджеттің орындалуын бақылайды, шығындарға жоспарлы және нақты көрсеткіштер бойынша талдау жүргізеді, ауытқу себептерін анықтайды және оларды жою жөнінде ұсыныстар дайындайды.
5.        Жоспарлы шығындардың есептеулерін әзірлейді, пайдалану шығындарын жоспарлау кезінде қолданылатын нормативтер мен көрсеткіштерді әзірлеуге және өзектендіруге қатысады.
6.        Өндірістік жоспарларды, белгіленген шығыс нормаларын және отынның нақты қалдықтарын ескере отырып, жанар-жағармай материалдарына (ЖЖМ) қажеттілікті жоспарлайды және сатып алуға өтінімдер дайындайды.
7.        Құрылымдық бөлімшелердің деректері негізінде ЖЖМ-нің есепке алынуын, берілуін, жұмсалуын және есептен шығарылуын бақылайды, белгіленген шығыс нормаларының сақталуын талдайды, ауытқулар мен артық шығындардың себептерін анықтайды және шығындарды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
8.        ЖЖМ шығынын бақылау және автомобиль көлігін пайдалану тиімділігін бағалау мақсатында GPS-мониторинг деректеріне, отын деңгейінің датчиктеріне (ДУТ) және отын шығынының датчиктеріне (ДРТ) талдау жүргізеді.
9.        ЖЖМ жеткізуге қатысты шарттық құжаттарды дайындауға қатысады, жеткізушілермен жұмыс жүргізеді және өз құзыреті шегінде жеткізілімдер туралы деректердің шарт талаптарына сәйкестігін тексереді
10.      Құрылымдық бөлімшелердің өтінімдері, белгіленген нормативтер және нақты қалдықтар негізінде автомобиль шиналарына, аккумуляторлық батареяларға, қосалқы бөлшектерге және өзге де материалдық-техникалық ресурстарға қажеттілікті есептейді, өтінімдер мен техникалық сипаттамаларды дайындайды.
11.      Материалдық-техникалық ресурстардың жұмсалуына талдау жүргізеді, белгіленген нормалардың сақталуын бақылайды және нақты шығындар мен қалдықтарды ескере отырып, қажеттілікті жоспарлауға қатысады.
12.      Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді, ағымдағы және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жоспарлауға, ресурстарға қажеттілікті айқындауға және тиісті шығындарды талдауға қатысады.
13.      Автопаркті пайдалану тиімділігін бағалау және ауытқу себептерін анықтау мақсатында құрылымдық бөлімшелердің деректері бойынша көлікті пайдалану коэффициентінің (КИП) және техникалық дайындық коэффициентінің (КТГ) көрсеткіштеріне жиынтық талдау жүргізеді.
14.      Көлік шығындарын жоспарлау, келісу және бақылау мәселелері бойынша қаржы-экономикалық, бухгалтерлік, сатып алу және өндірістік бөлімшелермен жұмыс жүргізеді.
15.      Серіктестіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, еңбекті қорғау саласындағы заңнама мен ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды; тәуекелдерді анықтауға және азайтуға, өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулерге қатысуға, сондай-ақ тікелей басшының өзге де тапсырмаларын орындауға қатысады.
Қосымша талаптар:
Келесі курстардан өту туралы сертификаттардың болуы артықшылық болады:
- Операциялық менеджмент;
- Басқарушылық шешімдер қабылдау;
- Цех экономикасы және қызмет тиімділігін бағалау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Басқа