Пайдалану дирекциясының Жөндеу-механикалық қызметінің басшысы
«Түркістан БГҚ» ЖШС Қарамұрт а.Міндеттері:
- Жөндеу жұмыстарын басқару
1) өндірушілердің ұсынымдарын, жабдықтың жұмыс істеу уақытын (жүктемесін) және оның нақты жай-күйін ескере отырып, жылдық, айлық және жедел техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бағдарламаларын қалыптастыру;
2) басымдықтарды, жұмыстардың құрамын, персоналға, мердігерлерге, қосалқы бөлшектерге, материалдарға, құралға, жабдықтауға (оснасткаға) және жүк көтеру құралдарына қажеттілікті айқындау;
3) ақаулық ведомостарын, кестелерді, технологиялық карталарды, сапа жоспарларын және қабылдау сынақтарының бағдарламаларын дайындауды қамтамасыз ету;
4) ГТУ, ПТУ, кәдеге жарату қазандықтарын, құрғақ градирняларды және қосалқы жылутехникалық-механикалық жабдықты станцияның жедел персоналымен үйлестіре отырып жөндеуді координациялау;
- Жұмыстарды қауіпсіз орындауды ұйымдастыру
1) наряд-рұқсат (жұмысқа рұқсат) жүйесінің орындалуын, тәуекелдерді бағалауды, жабдықты қауіпсіз оқшаулауды және жұмыс орындарының дайындық деңгейін бақылауды қамтамасыз ету;
2) берілген өкілеттіктер шегінде жауапты тұлғаларды тағайындау және ақаулы немесе тексерілмеген (калибрленбеген) құрал-саймандар мен өлшеу құралдарын қолдануға жол бермеу;
3) бекітілген рәсімдерге сәйкес жүк көтеру, от жұмыстарын (отты жұмыстар), газ қауіпті жұмыстар және биіктіктегі жұмыстарға бақылауды ұйымдастыру;
4) адамдарға, жабдыққа немесе қоршаған ортаға қауіп төнген кезде жұмыстарды тоқтату және анықталған бұзушылықтарды жоюды қамтамасыз ету;
- Сапа және сенімділік
1) кіріс, операциялық және қабылдау бақылауын, жауапты бөлшектердің, дәнекерленген қосылыстардың және орындалған өлшеулердің қадағалануын (трассирленуін) қамтамасыз ету;
2) құзыретті бөлімшелер мен ұйымдар арқылы ақаулық анықтау (дефектация), қирамайтын бақылау және өлшеулерді ұйымдастыру;
3) істен шығуларды және қайталанатын ақауларды техникалық талдаулар жүргізу, өкілеттік шегінде түзетуші іс-шараларды бекіту;
4) зауыттық рұқсаттарды, саңылауларды, центрлеулерді, тарту моменттерін және өзге де бақыланатын параметрлерді сақтауды қамтамасыз ету;
- Персонал және ресурстар
1) тапсырмаларды бөлу, бригадаларды жасақтауды қамтамасыз ету, оқыту, білімін тексеру және қызметкерлердің біліктілігін қолдау;
2) еңбек және өндірістік тәртіпті, қорғаныс құралдарын қолдануды және жұмыстардың орындалу сапасын бақылау;
3) қосалқы бөлшектерге, материалдарға және қызметтерге өтінімдер (сұраныстар) қалыптастыру, авариялық қорды бақылау және сақтаудың дұрыстығын қамтамасыз ету;
4) шеберханаларды, станоктық, дәнекерлеу және жөндеу жабдықтарын ақаусыз күйде ұстауды ұйымдастыру;
- Қабылдау және есептілік
1) монтаждан және жөндеуден кейін жабдықты қабылдауға қатысу, сынақтан өткізуін бақылау, ескертулерді жою және жабдықты пайдалану персоналына тапсыру;
2) жөндеуге берілген тапсырыстарды жабуды, паспорттарды жүргізуді, есептерді, көлем ведомостарын және атқарушы құжаттаманы қамтамасыз ету;
3) Бас механикке жабдықтың дайындық деңгейі, аса маңызды ақаулар, жөндеу бағдарламасының мерзімдері мен тәуекелдері туралы дұрыс/сенімді мәліметтер ұсыну;
Талаптар:
Білімі: Жылутехника-энергетикалық, механикалық немесе өзге де бейіндік бағыт бойынша жоғары техникалық білім
Жұмыс тәжірибесі: Энергетикалық немесе өнеркәсіптік жабдықты жөндеу бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде инженерлік-техникалық немесе басшылық лауазымда кемінде 2 жыл.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптары (орындалатын функциялар көлемінде);
2) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелері және станциялардың жылутехникалық-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері;
3) бу-газ электр станциясының жылутехникалық-механикалық жабдығының құрылысы, тағайындалуы, жұмыс істеу принципі және жөндеу талаптары;
4) жобалық және зауыттық құжаттама, пайдалану және жөндеу нұсқаулықтары, сызбалар, сұлбалар, спецификациялар, технологиялық карталар және бекітілген жабдық бойынша ақаулар ведомостары;
5) жоспарлы-алдын алу қызмет көрсету және жөндеу жүйесі, техникалық жай-күйді бағалау әдістері, дефектация, кіріс, операциялық және қабылдау бақылауы;
6) жабдықты жөндеуге шығару және жұмысқа енгізу тәртібі, наряд-рұқсат (жұмысқа рұқсат) жүйесі, энергия көздерін бұғаттау, тығындарды, жерлендірулерді және қоршауларды орнатуға қойылатын талаптар;
7) өз міндеттері шегінде жүк көтеру операцияларына, строптауға, құралды, саймандарды (приспособленияларды), өлшеу құралдарын және жеке қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптар;
8) жабдықты ашу кезінде тазалықты сақтау ережелері, бөгде заттардың түсуін болдырмау, бөлшектерді таңбалау, сақтау және қадағалану (трассирлену);
9) ақауларды тіркеу тәртібі, жөндеу құжаттамасын ресімдеу, жөндеуден кейін жабдықты тапсыру және қауіпті ауытқулар туралы хабарлау;
10) жөндеу бағдарламасын басқару әдістері, жабдықтың критикалылығы, тәуекелдер, ресурстар, қосалқы бөлшектер және мердігерлік жұмыстар;
11) бюджеттеу негіздері, сатып алу, шарттық жұмыс, өзгерістерді басқару, істен шығуларды тергеу және түпкі себептерді талдау;
12) пайдалану, жөндеу, электротехникалық және автоматтандырылған қызметтер арасында жауапкершілік шекараларын бөлу;
Шарттар:
5/2, жұмыс кестесі 09:00-18:30, түскі ас 13:00-14:30
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру
Ұқсас вакансиялар