«КазТрансОйл» акционерлік қоғамының «Зерттеулер мен әзірлемелер орталығы» филиалындағы Стандарттар және инновациялар бөлімінің бастығы

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
213

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру;

2) шешімдерді уақтылы қабылдап, іске асыра білу, тапсырмалардың орындалуын, талдау мен болжауды қамтамасыз ету;

3) ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау;

4) жүргізілген талдаулар, зерттеулер және әзірлемелер нәтижелері бойынша есептік және жарияланымдық құжаттарды жасау;

5) әріптестермен, серіктестермен ынтымақтастық;

6) келіссөздер жүргізу;

7) есептеу техникасының құралдарын, коммуникациялар мен байланысты пайдалану,

8) қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру: Windows XP және одан жоғары, MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook), Lotus Notes, Internet – браузерлер, Acrobat Reader және т.б.

 

Негізгі еңбек міндеттері:

1) стандарттар және инновациялар бөлімшесінің қызметкерлерінің жұмысын басқару (бұдан әрі – Бөлім), бірінші басшының жалпы басшылығымен филиал ««ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының «Зерттеулер және әзірлемелер орталығы»» (бұдан әрі – Филиал) және тікелей басшының міндеттерін орындау, сондай-ақ Филиалдың өзге бөлімшелері мен қызметтері басшыларымен өзара іс-қимыл жасау;

2) Бөлімге «ҚазТрансОйл» АҚ НИОКР бағдарламасына (бұдан әрі - Қоғам) немесе Қоғамның орталық аппаратының (бұдан әрі - ОА) тапсырмаларына сәйкес бекітілген тақырыптық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, Қоғамның НИОКР бағдарламасы жобасын әзірлеуге қатысу;

3) техникалық жаңалықтарды, ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды, озық тәжірибені, перспективалы технологияларды, жаңа материалдар мен жабдықтарды анықтау бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, технологияны, өндірісті ұйымдастыруды жақсартуға және еңбек өнімділігінің өсуіне ықпал ететін оларды енгізу бойынша ұсынымдарды дайындау, оның ішінде ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және жүйелеуді ұйымдастыру (ОА-ның жеке тапсырмалары бойынша);

4) инновациялық жобаларға, ғылыми-техникалық әзірлемелерге қатысу және Қоғамда ресурсты үнемдейтін және энергия үнемдейтін технологияларды енгізу; жаңа жабдық түрлерін, материалдар мен құралдарды сынақтан өткізуге қатысу, оның ішінде шетелден әкелінетіндерін (ОА-ның жеке тапсырмалары бойынша);

5) Қоғамның жаңа стандарттарын әзірлеу және қолданыстағы стандарттарды қайта өңдеу (актуализациялау) бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау O6щества және ұлттық стандарттармен (СТ РК) сәйкес, стандарттарды әзірлеу/актуализациялау бойынша Қоғамның Жоспарына; стандарттарды әзірлеу/актуализациялау бойынша Қоғам Жоспары жобасын әзірлеуге қатысу;

6) Филиалда және Қоғамда әзірленетін бұйрықтар, өкімдер, шарттық және өзге де құжаттар жобаларын әзірлеуге қатысу; өз өкілеттігі шегінде құжаттарды визалау және келісу;

7) қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электр қауіпсіздігі саласындағы ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуы қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайларда жұмысты тоқтата тұру;

8) қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайын тексеру журналына тіркелген бұзушылықтарды уақтылы сапалы жою үшін шаралар қабылдау; қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нұсқамадан өтпеген және білімін тексеруден өтпеген тұлғаларды жұмысқа жібермеу; қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуге және қайта қарауға қатысу, жұмыс орындарында нұсқаулықтардың, қауіпсіздік белгілерінің, ескертпе жазбалардың және өзге үгіт-насихат құралдарының болуын қамтамасыз ету; болған жазатайым оқиға туралы Филиал басшылығына дереу хабарлау, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру және оны медициналық мекемеге жіберу; жұмыс орнындағы ахуалды және жабдықтың жай-күйін оқиға сәтіндегі қалпында сақтауға бағытталған шаралар қабылдау (егер бұл қоршаған қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе); жұмыс орнында еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі нормалары мен Ережелерінің талаптарын сақтау;

9) Филиал мен Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес өзге де міндеттерді орындау, оған тікелей басшы және Филиал басшылығы жүктеген тапсырмаларды орындау.



Талаптар:

кадрларды даярлау бағытына сәйкес жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл

Шарттар:

Жұмысты орындау орны – Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 2-үй.

Күніне 8 сағат, 5 күндік жұмыс аптасында 2 демалыс күнімен, сенбі және жексенбі

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)