«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жүктермен коммерциялық жұмыс департаментінің тасымалдау шарттарын ұйымдастыру бойынша бас менеджері (19 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жүк жөнелтушілер әзірлеген, тасымалдау жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттарында (бұдан әрі - ТШ) көзделмеген жүктерді, сондай-ақ габаритті емес, ауыр салмақты және ұзын өлшемді жүктерді орналастыру мен бекітудің дұрыс есеп айырысу мәселесі жөніндегі сызбалары (схемалары) бар есептік-түсіндірме жазбаларды қарау және келісу тиелген вагондардың (транспортерлердің) көлденең тұрақтылығын есептеуді қоса алғанда, жылжымалы құрамдағы жүктерді;
- Вагондар мен контейнерлерді пломбалау үшін БПҚ енгізу және қолдану бойынша бекіту-пломбылау құрылғыларын (бұдан әрі - БПҚ) жасаушылармен хат алмасуға қатысу, Достастыққа қатысушы елдердің темір жол әкімшіліктерін және қатысы бар бөлімшелерді хабардар ету;
- Технологиялық процестерді сақтау бөлігінде жүктерді тасымалдау кезінде навигациялық пломбаларды ілу және алу процестерінің мониторингін жүзеге асыру, навигациялық пломбаларды қолдану мәселелері бойынша материалдарды, анықтамалар мен есептерді дайындау және ұсыну, навигациялық пломбаларды қолдану (ілу және алу) бөлігінде Серіктестіктің қатысы бар құрылымдық бөлімшелерімен жұмыстар жүргізу;
- Жүк жөнелтушілердің/жүк алушылардың ерекше жағдайларда (оның ішінде тез бүлінетін) жүктерді тасымалдауға арналған өтінімдерін қарауға қатысу, ТМД, Грузия, Латвия, Литва және Эстония елдерінің темір жол ұйымдарымен келісу, ерекше жағдайларда (оның ішінде тез бүлінетін) жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы жөнелту/межелі станцияларды хабардар ету.
- Жүк жөнелтушілердің/жүк алушылардың бір жөнелту станциясынан бір жөнелту станциясына бір алушының мекенжайына екі немесе одан көп вагондарда (тіркемелерден басқа) тасымалданатын бір атаудағы жүктерді бір жүкқұжат бойынша тасымалдау жөніндегі өтінімдерін қарау және тасымалдауға қатысатын тасымалдаушылармен (темір жол әкімшіліктерімен) келісу;
- Қауіпті, тез бүлінетін және габаритсіз жүктерді тасымалдау кезінде жүк жұмысын ұйымдастыру және шарттары бойынша ТЖО темір жол әкімшіліктерімен, Компаниямен, Серіктестіктің өңірлік филиалдарымен өзара іс-қимыл бойынша хат алмасуға қатысу;
- Халықаралық теміржол транзиттік тарифіне (бұдан әрі - ХТТ), Бірыңғай транзиттік тарифке (бұдан әрі - БКТ), ТМД-ның тарифтік саясатына, Тарифтік басшылыққа (прейскурант) жүк жұмысын ұйымдастыру және оның шарттары бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу;
- Жүк шаруашылығында поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған негізгі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу;
- Жүк иелерінің өтінімдері негізінде Жүктердің бірыңғай тарифтік статистикалық номенклатурасын және Жүктердің үйлестірілген номенклатурасын (бұдан әрі - ЕТСНГ және ЖГТ) өзектендіру бойынша жұмыс, енгізілген өзгерістер туралы Компания мен Серіктестікті хабардар ету.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл .
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр