Қарағанды өндірістік филиалының директорының орынбасары (Қарағанды қ.)
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қарағанды қ.Құрметті ізденуші!
Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.
Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
- Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
- Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
- Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.
Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.
Міндеттері:
-
Жүктелген міндеттері мен функцияларын өз құзыреті шегінде орындау барысында Филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
-
Филиал жұмысының жылдық жоспарларының (бюджеттің, сатып алу жоспарының) жобаларын әзірлеуді және олардың орындалуын ұйымдастырады.
-
Газ құбырларының үздіксіз, апатсыз және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жалпы бақылауды жүзеге асырады.
-
Филиалдың қаржы-экономикалық қызметін, қаржылық және материалдық ресурстардың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын бақылайды.
-
Материалдық ресурстарды пайдалану, экономикалық көрсеткіштерді жақсарту, өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру, қаржылық тәртіпті нығайту, материалдардың, айналым қаражатының және материалдық құндылықтар қорларының шығынын оңтайландыру жөніндегі шараларды әзірлеуге басшылық етеді.
-
Қызметкерлердің еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, белгіленген жұмыс уақыты режимін сақтауын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
-
Қызметкерлердің Филиал директорының бұйрықтары мен өкімдерін орындауын қамтамасыз етеді. Филиал жұмысында анықталған кемшіліктер туралы директорға хабарлайды және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды.
-
Филиалдың бюджеті шеңберінде сатып алу жоспарына сәйкес Компанияның Филиалдағы негізгі өндірістік қызметіне және онымен технологиялық тұрғыдан байланысты өзге де қызметіне қатысты шарттарға, сондай-ақ Филиалдың өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты басқа да шарттарға белгіленген тәртіппен берілген өкілеттіктер шегінде қол қояды.
-
Филиал қызметкерлеріне салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауды, Филиал объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сақталуын, технологиялық режим мен регламенттің, технологиялық және өндірістік тәртіптің пайдалану қағидаларында, өндірістік және арнайы нұсқаулықтарда, сондай-ақ өзге де нормативтік және пайдалану құжаттарында көзделген талаптарға сәйкес орындалуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
-
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және Компанияның ішкі құжаттарында (актілерінде) көзделген тәсілдермен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру және оның қорытындыларын бекіту жөнінде шешімдер қабылдайды. Заңнамада белгіленген тәртіппен Филиалда Компания өткізетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу және тендерлік рәсімдерді ұйымдастыру, өткізу және техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ үшінші тұлғалар жариялаған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу конкурстарына (тендерлеріне) Компанияның қатысуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдайды. Сатып алуға қатысты тендерлік және өзге де қажетті құжаттамаға қол қояды.
-
Белгіленген тәртіппен берілген өкілеттіктер шегінде негізгі қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Филиалдың мүдделерін білдіреді.
-
Филиалдың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің тапсырмаларды, апталық және айлық жұмыс жоспарларын орындауын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
-
Сенімхатта көрсетілген өкілеттіктерге сәйкес орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің актілеріне, мүлікті және өзге де тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау-тапсыру актілеріне, сондай-ақ Филиалдың өндірістік-шаруашылық қызметіне байланысты құжаттарға қол қояды.
-
Филиалдың мақсаттарын және оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Талаптар:
-
Жоғары білім.
-
Басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
-
Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, экология, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу салаларындағы қолданыстағы заңнамасының негіздерін, сондай-ақ Қоғам қызметінің ерекшелігіне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік-техникалық құжаттарын білу.
-
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын білу.
-
Мемлекеттік тілді еркін меңгеру.
Еңбек шарттары:
-
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа қабылдау және еңбек қатынастарын ресімдеу.
-
Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс күні — сенбі және жексенбі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар