«KEGOC» АҚ Қарыз алу және инвесторлармен байланыс департаментінің директоры
Лауазымдық міндеттері:
1) «KEGOC» АҚ-ның инвесторлармен (қарыздық және үлестік капитал инвесторларымен) өзара қарым-қатынастарын қалыптастыруға, іске асыруға және дамытуға басшылық етеді;
2) Бөлімшенің (ҚАИБД) қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды;
3) «KEGOC» АҚ-ның инвестициялық жобаларын қаржыландыру үшін кредиттік ресурстар тарту мәселелері бойынша отандық және халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
4) қолданыстағы кредиттік келісімдер/шарттар және шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде «KEGOC» АҚ-ның қарыз алу портфеліне қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
5) «KEGOC» АҚ-ның Бюджеті мен Даму жоспарын қалыптастыру шеңберінде кредиттік міндеттемелер мен шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша қаржыландыруға (және төлемдерге) арналған шығыстар бөлігінде «KEGOC» АҚ-ның бюджетін қалыптастыруды және түзетуді қамтамасыз етеді;
6) қажетті ақша қаражатының көлемін жинақтау және қолда бар қарыздық міндеттемелерді уақтылы орындау мақсатында «KEGOC» АҚ-ның ақша қаражаты қозғалысының болжамын қалыптастыруды және нақты орындалуына мониторинг жүргізуді (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерде) қамтамасыз етеді;
7) тартылған қарыздар мен шығарылған облигациялар бойынша талдау жүргізу және ақпарат дайындау жөніндегі жұмысты, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның қаржылық есептілігін тоқсан сайын қалыптастыру үшін ақпаратты ашу шеңберінде сыртқы аудиторлармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
8) облигацияларды шығару және оларды қор нарықтарында орналастыру процесін ұйымдастырады:
- «KEGOC» АҚ-ның облигациялар шығару арқылы ақша қаражатын тарту қажеттілігіне, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар нарығына талдау жүргізу;
- бағалы қағаздар нарығында облигациялар шығару және оларды шығару талаптары мәселелері бойынша корпоративтік шешімдерді дайындау;
- облигациялар шығару үшін қосымша қызметтер тарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу, реттеуші құжаттарға сәйкес қажетті рәсімдерді жоспарлау және іске асыру;
- тіркеу рәсімдерінен өту үшін қажетті құжаттар топтамасын (облигациялар шығару проспектісін, өтініштерді, бұйрықтарды, қаржылық есептілікті және т.б.) дайындау;
- облигациялар шығару ниеті туралы ақпаратты «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ-ның платформаларында және қор биржаларында уақтылы ашу;
- инвесторлармен облигацияларды орналастыру күнін және мәміле параметрлерін келісу;
- облигациялармен сауда-саттықтың жүргізілуіне мониторинг жасау және ақша қаражатының «KEGOC» АҚ-ның шотына түсуін қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес қор нарығында шығарылған облигацияларға қызмет көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен өзара іс-қимылды, шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша есептерді дайындауды және оларды уәкілетті органдарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес акционерлермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді (олардың өтініштеріне жауаптар беру және негізделген шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету және т.б.);
11) «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналыстарын ұйымдастырады;
12) ҚАИБД құзыреті шегінде ашық интернет-ресурстарда жария ақпараттың уақтылы ашылуын қамтамасыз етеді;
13) ҚАИБД қызметіне қатысты мәселелер бойынша жоғары тұрған басшылықты, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын хабардар етеді;
14) «KEGOC» АҚ-ның инвесторлармен және акционерлермен өзара іс-қимыл жасау кезінде заңнама нормалары мен кәсіби мінез-құлық қағидаттарының сақталуын бақылайды;
15) тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-мен, басқа ұйымдармен және мемлекеттік органдармен Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау департаментімен келісу бойынша, ҚАИБД құзыреті шегінде өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
16) ҚАИБД-де жетекшілік ететін тәуекелдер бойынша негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді, негізгі тәуекелдерді басқару жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
17) ҚАИБД-де жетекшілік ететін тәуекелдер бойынша негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді;
18) акциялар шығару проспектісін жасау, акциялар шығару проспектісіне өзгерістер енгізу, сондай-ақ орналастырылған акциялар туралы есепті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тапсыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
19) ҚАИБД құзыреті шеңберінде тиісті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын реттейтін уәкілетті мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасайды;
20) ҚАИБД құзыреті шегінде төлем агентімен ынтымақтастық жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
21) дивидендтердің төленуін бақылауды қамтамасыз етеді;
22) қызметкерлердің қажетті құзыреттілік деңгейін және олардың еңбегін ынталандыруды қамтамасыз етеді;
23) Қоғамның акцияларының қосымша пакетін қор биржасында орналастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;
24) ҚАИБД құзыреті шегінде әлеуетті инвесторлар үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын (роуд-шоу, брифингтер, тікелей эфирлер) ұйымдастырады және өткізеді;
25) ҚАИБД құзыреті шегінде қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
26) «KEGOC» АҚ-ның инсайдерлік ақпаратты пайдалану және оған билік ету жөніндегі ішкі бақылау қағидаларын, сондай-ақ ҚАИБД құзыреті шегіндегі өзге де ішкі нормативтік құжаттарды әзірлейді (өзгерістер мен толықтырулар енгізеді) және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
27) Департаментке келіп түсетін хат-хабарларды уақтылы қарауды және оларға жауаптар дайындауды қамтамасыз етеді;
28) Департаменттің қызметіне қатысты «KEGOC» АҚ-ның менеджменттің интеграцияланған жүйесі (МИЖ) құжаттамасының талаптарын орындайды;
29) ҚАИБД құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «KEGOC» АҚ басшылығына арналған баяндамаларды, қызметтік жазбаларды және презентациялық материалдарды дайындауға қатысады.
Талаптар:
- Экономика/қаржы/бухгалтерлік есеп бағыттары бойынша жоғары білім;
- Жұмыс тәжірибесі: экономика/қаржы/бухгалтерлік есеп саласында кемінде 7 жыл;
- Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі: Компанияда бөлімнің (топтың/қызметтің) үйлестірушісі (бастығы) лауазымында 3/3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Лицензиялар, сертификаттар:
- Экономика, қаржы немесе бухгалтерлік есеп саласындағы сертификаттың болуы.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Қаржылық және инвестициялық талдау жүргізу дағдылары;
- Ықпал ету және сендіру дағдылары;
- Қаржы институттарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдылары;
- Командада жұмыс істеу, көшбасшылық және коммуникациялық дағдылар – ынтымақтастыққа ашық болу, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында ортақ келісімге келе білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу қабілеті;
- Салалық заңнаманы білу;
- Саланың жаһандық даму үрдістерін білу, Қазақстан Республикасы мен Компанияның серіктес елдеріндегі нарық конъюнктурасын түсіну;
- Корпоративтік басқару саласындағы терең білім;
- Электр энергетикасы саласының жұмыс істеу ерекшеліктерін терең түсіну;
- Коммуникациялық дағдылар, көпшілік алдында сөз сөйлеу және презентация жасау дағдылары;
- Инвестициялық маркетинг саласындағы базалық білім;
- Инвесторлармен және кредиторлармен күрделі келіссөздер жүргізу тәжірибесі;
- Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этиканың өзге де қағидаттарын қатаң сақтау).
Қажетті қабілеттер
- В сфере экономики/финансов/бухгалтерского учета
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Қаржы
- Бухгалтерлік есеп