Өндірістік-техникалық департаментінің бұрғылау жұмыстары жөніндегі менеджері
"Волковгеология" АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
1. Өндірісті жоспарлау Бұрғылау агрегаттарының өндірістік бағдарламасының орындалуын талдау; Өндірістік бағдарламаны қалыптастыруға қатысу. 2. Өндірісті және үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету Өнімсіз шығындарды уақтылы анықтау; Деректерді мониторингілеу, жинау және талдау, филиалдардан ақпарат сұрату. 3. Өндірісті бақылау Филиалдардың бұрғылау қызметі жұмыстарының барысын бақылау; Филиалдардың бұрғылау агрегаттарындағы GPS-мониторинг жүйесінің жұмысын бақылау: GPS-жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін және түсетін деректердің толықтығын мониторингілеу, ақаулар мен ауытқуларды анықтау, оларды жою жөнінде филиалдарға талаптар жіберу және орындалуын бақылау; Бұрғылау агрегаттарының орындаған жұмыстары бойынша күнделікті, тоқсандық және жылдық деректерді жинау, талдау және шоғырландыру (жиынтық мәліметтер, ТЭК және т.б.); Жұмыс бағыты бойынша әкімшілік-өндірістік бақылауды жүзеге асыру; Бақылаудағы бөлімшелердің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық заңнама талаптарын орындауын, объектілерде еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құжаттардың және авариялық жағдайларды жою жоспарларының болуын бақылау. 4. Өндірістік жұмыстарды үйлестіру Қажетті қызметтерді тарта отырып, өндірістің жұмыс регламентінің бұзылуын болдырмау және жою жөнінде шаралар қабылдау; Қажетті қызметтерді тарта отырып, өндірістегі қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылуын болдырмау және жою жөнінде шаралар қабылдау. 5. Өндіріс тиімділігі Еңбек өнімділігін арттыру және бұрғылау жұмыстарының өзіндік құнын төмендету жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды келісу және оларды енгізуге қатысу. 6. Бөлімшенің өзге де ағымдағы қызметі Басшылықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін және бөлімше функционалына жататын өзге де тапсырмаларын орындау. 1) корпоративтік: - Ақпаратты зерттеу және талдау; - Жоспарлау; - Нәтижеге бағдарлау; - Кәсібилік және өзін-өзі дамыту; - Командалық жұмыс және коммуникация; - Өзгерістерді басқару. 2) кәсіби: - Ұңғымаларды бұрғылау, салу, игеру және ондағы авариялық жағдайларды жою жөніндегі нормативтік, әдістемелік және өзге де материалдарды білу; - Белгіленген құжаттаманы, барлық бұрғылау учаскелері бойынша бұрғылау жұмыстары жоспарларының орындалу есебін жүргізу; - Қолданылатын бұрғылау, геологиялық барлау жабдығының түрлері мен техникалық сипаттамаларын және оларды пайдалану қағидаларын білу; - Өндіріс мәселелері бойынша тапсырыс берушілермен және мердігерлермен өзара іс-қимыл жасау; - Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауды және жұмыстарды қауіпсіз әдіспен орындауды регламенттейтін нормативтік құжаттарды білу; - «Волковгеология» АҚ-ның қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясаттарын білу.Білім:
Жоғары техникалық немесе орта арнаулы техникалық білім Ұңғымаларды бұрғылау техникасы мен технологиясы / тау-кен ісі / геологияДағдылар:
Білім: 1) бұрғылау жұмыстарын жүргізу технологиясын; 2) қолданылатын бұрғылау жабдығын және оны техникалық пайдалану қағидаларын; 3) өндірістік жоспарлау және жедел басқару мәселелері жөніндегі нормативтік, әдістемелік және өзге де құжаттарды; 4) ұңғымаларды бұрғылау, салу, игеру және авариялық жағдайларды жою жөніндегі нормативтік және әдістемелік материалдарды; 5) ұңғымаларды салу кезіндегі ТМҚ шығысының есептік-негізделген нормативтерін; 6) тәуекел-менеджмент негіздерін; 7) сапа, экология саласындағы саясатты және ИМЖ ішкі нормативтік құжаттарын; 8) еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және радиациялық қауіпсіздік талаптарын; 9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің негізгі ережелерін және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын. Дағдылар: 1) деректерді талдамалық өңдеу; 2) коммуникациялық дағдылар; 3) жобаларды және есептілікті басқару; 4) ақпараттық жүйелермен және мониторинг жүйелерімен жұмыс істеу.Қосымша:
БІЛІМ Қалаулы: Мемлекеттік немесе орыс тілін еркін меңгеру; Бұрғылау учаскелерінде немесе филиалдардың өндірістік бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесі.Білетін тілдер:
қазақ/орыс тілін жетік білу қалаулы: ағылшын тілін білуҰқсас вакансиялар
Қызметтерді сүйемелдеу бөлімінің бас маманы
АФ АО «Казпочта» «Алматинский почтамт» | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
30.10.2026 | 23
Өндірістік-техникалық департаменттің өндірісті техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімінің жетекші инженері
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
15.10.2026 | 1873
Өндірістік-техникалық департаменттің бас менеджері
"KAP Logistics" ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
30.10.2026 | 785