Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің инженері (электроншы), Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны, Магистральдық желінің Жамбыл бөлімшесі.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Электрондық жабдықтарды пайдалану тиімділігін арттыру және олардың жұмысын жақсарту жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының перспективалық және ағымдағы жоспарлары мен кестелерін әзірлеуге қатысады.
- Электрондық техникаға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оның жұмысқа жарамды күйде болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді, профилактикалық және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады.
- Бекітілген құжаттамаға сәйкес жөндеу жұмыстарының уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
- Электрондық жабдықтар мен ұйымдастыру техникасын жөндеу және сынау жұмыстарын жүргізуді, оларды пайдалану және техникалық күтіп ұстау жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуын бақылайды.
- Электрондық жабдықтардың техникалық жай-күйін тексеруге, профилактикалық қарап-тексерулер мен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жабдықтарды күрделі жөндеуден кейін қабылдауға, сондай-ақ жаңадан пайдалануға берілетін электрондық жабдықтарды қабылдау мен игеруге қатысады.
- Электрондық жабдықтарды пайдалану көрсеткіштерін есепке алады және талдайды, олардың жұмыс режимдері мен пайдалану жағдайларын зерделейді, электрондық жабдықтарды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі нормативтік материалдарды әзірлейді.
- Электрондық жабдықтар мен оларға қажетті қосалқы бөлшектерге өтінімдер, жөндеу жұмыстарына арналған техникалық құжаттамалар және атқарылған жұмыстар туралы есептер дайындайды.
- Қосалқы бөлшектер мен материалдармен уақтылы қамтамасыз етілуін бақылайды, радиоэлектрондық аппаратураны сақтауды ұйымдастырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары (немесе арнайы бағдарлама бойынша дайындық)
- Мамандыдығы: Құрылыс (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы), Көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану; Теміржол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; Көлікте тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (теміржол көлігі); Стандарттау, метрология және сертификаттау; Бағдарламалық қамтамасыз ету
- Жұмыс өтілі: 1 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар