Техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі инженер, СЦБ құрылғыларын, радио және байланыс құралдарын жүргізу, технологиялық құжаттамасын әзірлеу және паспорттау бригадасы, Сарышаған сигнализация және байланыс дистанциясы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Аға электромеханиктердің учаскелерін бекітілген техникалық құжаттамамен уақтылы қамтамасыз етуді бақылау.
- Аға электромеханиктердің қолданыстағы құрылғылардың техникалық құжаттамаға сәйкестігін 3 жылда бір рет тексеру жұмыстарын орындауын бақылау.
- Өндірістік учаскелерді бекітілген техникалық құжаттамамен қамтамасыз ету.
- Техникалық құжаттаманың берілу есебін жүргізу.
- Жаңадан пайдалануға берілетін құрылғыларды реттеу кезінде осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жобалық құжаттамаға өзгерістер енгізілуін қадағалау.
- Қолданыстағы құрылғыларға енгізілген өзгерістердің сигнализация және байланыс дистанциясындағы данасына енгізілгенін растау. Өзгерістердің бекітілген сипаттамасына «Учаске данасына енгізілді» деген жазбаның қойылуын тексеру.
- Техникалық құжаттаманың Техникалық пайдалану қағидаларына (ТПҚ), қолданыстағы нұсқаулықтарға және үлгілік жобалық шешімдерге сәйкестігін тексеру, құжаттамаға өзгерістер енгізу және оны Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялар департаментінде бекіту.
- Аға электромеханиктердің өзгерістердің нақты іске қосылғаны туралы қызметтік баянхаттары негізінде СЦБ қолданыстағы құрылғыларына енгізілген өзгерістерді есепке алу және олардың орындалуын тиісті «СЦБ қолданыстағы құрылғыларына енгізілген өзгерістерді есепке алу журналында» бақылау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе орта (техникалық және кәсіптік).
- Мамандығы: Теміржол көлігіндегі автоматтандыру және басқару; Теміржол көлігіндегі радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс.
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Қосымша талаптар:
компьютерлерді, көшіру және көбейту машиналарын және басқа да кеңсе жабдықтарын, заманауи байланыс құралдарын байдалана білуҚажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж
Ұқсас вакансиялар