Жетекші инженер (мұнай-газ саласындағы геология бойынша сарапшы) Жобалық кеңсе (аутстаффинг секторы)

«KMG Digital» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
448

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби білім
  • Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 6 жыл
  • Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
  • –      Мұнай-газ кен орындарының геологиялық құрылысы, кен орындарының түрлері, коллекторлар және флюидоқтылар (флюидоупорлар), оларды зерттеу әдістері.
    –      Сейсмикалық барлау деректерін интерпретациялау әдістері, ұңғымаларды геофизикалық зерттеу (ГИС), керн зерттеулері және ұңғымаларды сынау; қималарды корреляциялау және құрылымдық модельдеу.
    –      Геологиялық (3D) модельдерді құру, жаңарту және верификациялау қағидаттары.
    –      Көмірсутек қорларын есептеу әдістері және жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптары.
    –      Геологиялық үдерістердің кен орындарын игеру үдерістерімен, бұрғылау үдерістерімен (бұрғылау нүктелерін таңдау, ұңғыманы бұрғылау ілеспесін геологиялық сүйемелдеу) және өндірумен өзара байланысы.
    –      Геологиялық деректердің құрамы мен құрылымы, олардың сапасына, сақталуына және тексерілуіне қойылатын талаптар.
    –      Геологиялық модельдеу және деректерді интерпретациялау үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету (Petrel, IRAP RMS немесе аналогтар).
    Артықшылық болады:
    –      BPMN 2.0 нотациясы және бизнес-үдерістерді «қалай бар» (AS-IS) және «қалай болуы керек» (TO-BE) форматында сипаттау қағидаттары.
    –      Талаптарды басқару негіздері: пайдаланушы оқиғалары (user stories), пайдалану сценарийлері (use cases), қабылдау критерийлері.
    –      Деректермен жұмыс істеу негіздері: SQL-сұраныстар, MS Excel (Power Query, жиынтық кестелер).
    –      Кен орынның цифрлық егізі және интеграцияланған операциялар орталықтары (integrated operations) тұжырымдамасын түсіну.
  • Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
  • –      Геологиялық деректерді толықтығы, шынайылығы және қайшылықсыздығы бойынша талдау және сараптамалық бағалау.
    –      Геологиялық модельдермен және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу.
    –      Геологиялық бизнес-үдерістерді сипаттау және ақпараттық жүйелерге функционалдық талаптарды тұжырымдау.
    –      Сараптамалық қорытындыларды, аналитикалық материалдарды және презентацияларды дайындау.
    –      Ақпараттық жүйелерді функционалдық және қабылдау тестілеуіне қатысу.
    –      Өндірістік бөлімшелермен, ИТ-командамен және мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, талаптарды келісу.
    Артықшылық болады:
    –      BPMN редакторларында бизнес-үдерістерді модельдеу (Camunda Modeler, Bizagi Modeler, MS Visio, draw.io немесе аналогтар).
    –      Тапсырмаларды басқару жүйелері мен білім базаларында жұмыс істеу (Jira, Confluence немесе аналогтар).

Шарттар:

  • Аутстаффинг секторында ресімдеу
  • Бес күндік жұмыс аптасы
  • Әлеуметтік пакет