Каротажды станциясының машинисі
«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Лауазымдық жауапкершілік:
• ҚР ЖҚЕ талаптарына, НЅ - 25 нұсқаулығына және көлік құралын қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес көлік құралын (бұдан әрі-каротаж станциясы) басқару; • каротаждық станцияның қозғалыс қауіпсіздігін кері жүріспен қамтамасыз ету мақсатында техник-геофизикті немесе Компанияның өзге жұмыскерін реттеуші ретінде тарту; • каротаждық станцияға, каротаждық көтергішке №1, №2 техникалық қызмет көрсетуге және басқа да ұсақ жөндеуге қатысу. Көлік құралының дөңгелектерін бөлшектеу-монтаждау; • ауысымды қабылдау және тапсыру кезінде каротаждық станцияны техникалық тексеруді орындау. Барлық ақаулар туралы дереу өзінің тікелей басшысына хабарлау; • каротаждық станцияның геофизикалық және қосалқы жабдығын ұңғымада ҰГЗ жүргізу үшін геофизикалық жұмыстарды жүргізу орнына тасымалдауға дайындау және оның зақымдануын болдырмайтын жұмыстар аяқталғаннан кейін тасымалдауға дайындау; • каротаж станциясының қуат кабелін қуат көзіне қосу; • ұңғымаларда геофизикалық зерттеулер жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес каротаж станциясының сағалық және басқа да геофизикалық жабдықтарын монтаждау-демонтаждау; • ұңғымаларда түсіру-көтеру операцияларын жүргізу кезінде және басқа геофизикалық жұмыстар кезінде каротаж көтергішті (шығырды) басқару; • түсіру-көтеру операцияларын жүргізу кезінде геофизикалық кабельге түсірілген тереңдік белгілерін тіркеу. Геофизикалық кабельдегі тереңдік белгілері мен ескерту белгілерінің жай-күйін бақылау және зақымдалған және тозған белгілерді уақтылы жаңарту. Белгілерді орната отырып, геофизикалық кабельдің мерзімді бақылау өлшеулерін жүргізуге қатысу; • геофизикалық жабдықтарды сынау және ақаулықтарын жою кезінде техника-геофизикке көмек көрсету; • геофизикалық жұмыстарды аяқтағаннан кейін геофизикалық аспаптарды тазалау; • каротаждық станцияның шығыр және операторлық бөліктерін ылғалды жинауды жүргізу. Автомобиль шасси кабинасында тазалықты сақтау; • Радиотолқындық геоинтроскопия (РТГИ)бойынша жұмыстар кешенін орындау. • Геофизикалық жұмыстардың барлық түрлерін орындау кезінде каротажды станциясының машинисі техник-геофизиктің барлық бұйрықтарын адал, уақтылы және сапалы орындауы тиіс. • Техник-геофизиктің бұйрықтарымен келіспеген жағдайда немесе бұйрықтарды орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, сондай-ақ жұмыстарды жүргізуге қатысты кез келген сұрақтар туындаған кезде каротажды станциясының машинисі бұл туралы геофизикалық басқарма бастығына және/немесе бастығының орынбасарына түсініктеме алу үшін кез келген ыңғайлы тәсілмен хабарлауға тиіс;Білім:
Орта білімДағдылар:
• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • Законодательство, нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам выполняемой работы; • Методические материалы, касающиеся соответствующих вопросов выполняемой работы; • Основы трудового законодательства Республики Казахстан; • Основы правил охраны недр и окружающей среды; • Правила и нормы безопасности и охраны труда, производственной санитарии и противопожарной защиты; • Правила и нормы в области гражданской защиты, производственной и радиационной безопасности;Қосымша:
"Каротаж станциясы машинисі" курсын өткені туралы куәлігі немесе ГПМ басқару бойынша курсты өткені туралы куәлігі болуы тиісБілетін тілдер:
Қазақ, орыс - сөйлеуҰқсас вакансиялар
Жетекші маман (геолог) геология және әзірлеу департаментінің ПХГ және геоаналитика деректерін сүйемелдеу бөлімі
«QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
23.11.2026 | 9359
Жетекші маман (геологиялық модельдеу инженері) — аутстаффинг 3 (көшірме)
«QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
23.11.2026 | 5134
Бұрғылау инженері
«Инкай» БК» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
17.11.2026 | 1390