«KTZ Express» АҚ бас бухгалтері – бухгалтерлік және салықтық есеп департаментінің директоры

Жалақы көрсетілмеген
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
187

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік пакетін белгіленген тәртіппен және нысанда қалыптастыруды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның жылдық жеке және шоғырландырылған есептілігін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі жанындағы Қаржылық есептілік депозитарийіне тапсыруды қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында, ҚЕХС және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қоғамның жеке, жиынтық және шоғырландырылған қаржылық есептілігін қалыптастыруды, толықтығын, дәйектілігін және уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның қаржылық есептілігін міндетті сыртқы аудитке дайындауды ұйымдастырады, тәуелсіз аудиторлық ұйыммен өзара іс-қимылды, құжаттар мен ақпаратты уақтылы ұсынуды, сондай-ақ аудит нәтижелері бойынша басшылыққа хатта баяндалған ұсынымдардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі аудитінің қорытындылары бойынша Қоғам басшылығына хатта көрсетілген сыртқы аудиторлардың ұсынымдарына талдау жүргізеді және басшылықтың хат бойынша түсініктемелер жинағын жүргізеді;
  • Қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын ескертулерді, түсіндірме ақпаратты және өзге де материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді; 
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, компания актілеріне оларды жетілдіру қажеттілігі, қоғамның бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі бөлігінде жүргізіліп жатқан саясатқа әсері тұрғысынан талдау жүргізеді, Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындайды;
  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және салық салу саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың уақтылы қолданылуын қамтамасыз етеді.
  • Бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және салық салу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарда, мемлекеттік кіріс органдарында, аудиторлық ұйымдарда, банктерде және өзге де ұйымдарда қоғамның мүдделерін білдіреді;
  • Қоғамның салықтық есепке алу саясаты Қоғамының филиалдары мен еншілес ұйымдарына әзірлейді, өзектендіреді және жеткізеді, еншілес ұйымдардың салықтық есепке алу саясатының қоғамның салықтық есепке алу саясатына сәйкестігі тұрғысынан қаралуын және келісілуін қамтамасыз етеді;
  • Уәкілетті мемлекеттік органдарда, салық органдарында, қоғамдық ұйымдарда, Еуразиялық экономикалық одақта және басқа да ұйымдар мен мекемелерде салықтық есепке алу мәселелері және салық заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша қоғам мүдделерінің ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), Қазақстан Республикасы Кәсіби бухгалтерінің сертификаты, Халықаралық қаржылық есептілік бойынша диплом (АССА ДипИФР).
  • Мамандығы: Есеп және аудит; Экономика; Қаржы.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 7 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 4 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр