Бизнес-жоспарлау және экономикалық талдау бөлімінің Қаржы-шаруашылык кызметті талдау және есептілікті баскару секторының жоспарлау бойынша жетекші экономисті

«Oil Services Company» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
44

Қаралған саны:
495

   Конкурс туралы
Қажетті біліктілік:
Білімі: Жоғары экономикалық білім, қаржылық білім (бакалавр, магистр).
Мамандық/кәсіп бойынша тәжірибе: Мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибе. 
Сертификаттардың және т.б. болуы жөніндегі талаптар: CIMA, ASPM сертификаттарының болуы артықшылық болып саналады.
Міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
1. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері;
2. Басқарушылық есеп және қаржылық менеджмент. 
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1) келіссөздер жүргізу;
2) кеңселік компьютерлік бағдарламаларды, байланыс және коммуникация құралдарын пайдалану;
3) ақпарат жинау және талдау, құжаттар, қорытындылар мен есептер дайындау;
4) ауызша және жазбаша коммуникация;
5) еңбекті және басқаруды ұйымдастыру;
6) аналитикалық қызметке бейімділік;
7) бастамашылдық, жауапкершілік;
8) командада жұмыс істей білу.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1) Қаржы-шаруашылық қызметті талдау және бөлімшенің есептілігін басқару секторының жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды және бақылайды.
2) Серіктестіктің шығындары мен жұмыстардың өзіндік құнына талдау жүргізеді, артық шығындардың және ресурстарды тиімсіз пайдаланудың себептерін анықтайды. Серіктестік шығындарын оңтайландыру және қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
3) Бюджеттің өндірістік және қаржылық көрсеткіштерінің орындалуын жүргізеді (ай сайынғы, тоқсан сайынғы жедел есептілік, ПАФО есептілігі); бюджетке мониторинг жүргізеді және оны жетілдіреді.
4) Қолданыстағы нормалар мен нормативтерді талдайды, оларды ресурстардың нақты жұмсалуымен салыстырады, ауытқуларды және оларды өзектендіру қажеттілігін анықтайды. Серіктестіктің бейінді бөлімшелерімен бірлесіп нормативтерді жетілдіру және енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
5) Серіктестіктің барлық қызмет түрлері бойынша шығындардың құрылымы мен динамикасына, жұмыстардың өзіндік құнына талдау жүргізеді, артық шығындардың, өндірістік емес шығыстардың және көрсеткіштер ауытқуларының себептерін анықтайды, шығындарды азайту және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
6) Серіктестік бөлімшелерінің жоспарлы тапсырмаларды орындауын және бюджет тәртібін сақтауын бақылайды.
7) Серіктестік ресурстарын жоспарланған тізбелер мен нақты пайдалануына талдау жүргізуді ұйымдастырады және жүзеге асырады, олардың негізділігі мен тиімділігін бағалайды, ауытқуларды анықтайды және шығындарды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
8) Жүргізілген талдау нәтижелерінің, анықталған ауытқулардың, қорытындылар мен әзірленген ұсыныстардың Серіктестіктің тиісті есептерінде көрсетілуін, сондай-ақ басқарушылық есептілікті дайындау кезінде талдамалық зерттеулер нәтижелерінің ескерілуін бақылауды қамтамасыз етеді.
9) Материалдардың нақты жұмсалуының белгіленген нормалар мен орындалған жұмыстар көлеміне сәйкестігінің негізділігін талдайды, қорлардың құрылымы мен айналымдылығын бағалайды, артық және өтімсіз қорларды анықтайды, материалдық ресурстарды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
10) Көлік және өзге де өндірістік шығыстар құрылымы мен өзгеру себептерін, техниканы, техника мен жабдықтарды және барлық басқа да негізгі құралдарды сатып алу мен пайдалану тиімділігін зерттейді, шығындарды қысқарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
11) Бөлімшелер арасындағы функциялар мен жауапкершіліктің бөлінуін зерделейді, тиімсіз ұйымдастырушылық шешімдерді анықтайды, басқару құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және ұсынылатын өзгерістердің экономикалық әсерін бағалайды.
12) Кірістер мен шығыстарды бөлек есепке алу жүйесін, өзіндік құнды қалыптастыру тәртібін, тікелей және жанама шығындарды бөлу тәртібін талдайды, есепке алудың ашықтығы мен анықтығын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
13) Серіктестік қызметін оңтайландыру бойынша талдамалық қорытындылар, есептеулер мен ұсыныстар дайындайды, іске асырылған іс-шаралардың күтілетін және нақты экономикалық әсерін бағалайды, бастапқы деректерді алу және тексеру үшін бейінді бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасайды.
14) Қолданыстағы бизнес-процестерді талдайды, функциялардың қайталануын, артық операциялар мен ұйымдастырушылық шектеулерді анықтайды, процестерді оңтайландыру, операцияларды автоматтандыру және бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
15) Комиссиялардың, жұмыс топтарының және кеңестердің жұмысына қатысады, Серіктестіктің ішкі құжаттарын келісуді және визалауды қамтамасыз етеді.
16) Бекітілген ИСМ процестерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
17) Қазақстан Республикасының қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамалық және нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.
18) Басшылықтың тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.
19) Тәуекел факторларының жай-күйі және оларды басқару жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы уақтылы әрі толық ақпараттың Серіктестіктің жауапты бөлімшесіне ұсынылуын қамтамасыз етеді.
 
Қосымша талаптар:
 - Экономикалық процестер мен жобаларды өз бетінше басқару тәжірибесінің болуы, оның ішінде жоспарлау, бюджеттеу, экономикалық есептеулерді дайындау, қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді талдау, бюджеттің орындалуын бақылау және қызмет тиімділігін бағалау.
 - Бюджеттеу, экономикалық жоспарлау, қаржылық-экономикалық талдау, шығындарды басқару жүйелерін енгізуге немесе жетілдіруге, сондай-ақ экономикалық процестерді цифрландыруға қатысу тәжірибесінің болуы артықшылық болып саналады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр