Корпоративтік қаржыландыру және активтерді басқару департаментінің активтерді есепке алу бөлімінің жетекші маманы

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
151

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • мүліктің мақсаттарға сәйкестігін және мүліктің тиімді пайдаланылуын тексеру;
  • Серіктестіктің мүлкін бағалауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты сүйемелдеу: сату үшін және қажетті сатып алу үшін (өндірістік объектілер, жабдық және т.б.); 
  • Газқұбыры жер учаскелеріне қатысты құрылыс және пайдалану кезеңінде жерді рекультивациялау үшін әзірлеуге арналған топырақ-мелиоративтік зерттеулерді жүргізу, күзет аймағы үшін жария сервитут белгілеу, жер учаскелерін бөлу (беру) бойынша жұмыстар кешенін қамтамасыз ету;
  • Газқұбырының желілік бөлігінің, ғимараттар мен құрылыстардың мемлекеттік техникалық тексерісін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асыру;
  • Серіктестіктің мүлкін бағалау жөніндегі бағалау компаниясымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, оның ішінде Газқұбырының құрылыс және пайдалану кезеңіне арналған жер учаскелері;
  • Серіктестікке уақытша өтеулі (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) жер пайдалануға (жалға) құқық беру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау, Газқұбырын салу және пайдалану үшін жер учаскелеріне жалдау шарттарын жасасу және құжаттарды мемлекеттік тіркеу (қаулылар, жалдау шарттары, объектілерді пайдалануға қабылдау актілері және т.б.);  
  • мүліктік мәселелер бойынша және оның мүліктік құқықтарын қорғау бойынша Серіктестіктің мүдделерін мемлекеттік органдарда ұсыну;
  • мүлікті мақсатты және тиімді пайдалануға қатысты жиынтық есепке алу мен бақылауды жүзеге асыру.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби білім;
  • Жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
  • Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) активтерді басқаруға қатысты мәселелерді регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін білу: -    ҚР «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңы;
    -    ҚР «Магистральдық құбыр туралы» заңы;
    -    ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы; 
  • -  Серіктестіктің Жарғысын, активтерді басқару және есепке алуды регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды білу, бухгалтерлік есеп пен басқарушылық есеп қағидаттарының негіздерін білу;
  • Серіктестіктің Жарғысын, Серіктестіктің мүліктік мәселелер бойынша мүдделерін ұсынуға қатысты, сондай-ақ мүлікті мақсатты және тиімді пайдалануды бақылауға бағытталған, жалпы алғанда департамент қызметімен байланысты ішкі нормативтік құжаттарды білу;
  • Аналитикалық дағдылар;
  • Ұйымдастырушылық және коммуникациялық дағдылар, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де дағдылар.

Шарттар:

  • бес күндік жұмыс аптасы;
  • демалыс және тамақтануға арналған үзіліс ұзақтығы 1 сағат 30 мин. 12.30 сағаттан бастап 14.00 сағатқа дейін
  • төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы ұзақтығы 30 (отыз) күнтізбелік күн;
  • әлеуметтік пакет:
  • негізгі қызметкер болмаған уақытқа арналған уақытша лауазым (баланы күтуге байланысты демалыс).

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)
  • Китайский (Бастапқы)