Батыс макроөңірінің коммерциялық директоры (Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары)

«Қазақтелеком» АҚ Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
120

   Конкурс туралы

«Батыс» макроөңірінің коммерциялық директоры

Жауапкершілік аймағы: Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары.

Лауазымдық міндеттері

  • Бекітілген тәсілдер, қағидаттар мен стандарттар шеңберінде макроөңірге жеткізілген сату жоспарларын іске асыру бойынша міндеттерді әзірлейді және қалыптастырады.

  • Макроөңірдің мақсаттарына сәйкес бөлімшенің негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) жыл сайын айқындайды және олардың орындалуына жауап береді.

  • Макроөңір бойынша жеткізілген сату жоспарының, есептелген кірістер жоспарының орындалуын және кассалық жоспардың атқарылуын қамтамасыз етеді.

  • Бөлімшенің мақсаттарын департаменттің, бөлімнің және сектордың мақсаттарына сәйкес айқындайды, макроөңірдің жаңа қызметтер мен сервистерді ілгерілету жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.

  • Филиалдың инвестициялық бағдарламасын қалыптастыруға және іске асыруға, бизнес-жоспарлар мен бизнес-жобаларды әзірлеуге, сондай-ақ маркетингтік зерттеулердің нәтижелері мен талаптарын және «Қазақтелеком» АҚ жоспарларын ескере отырып, телекоммуникация желілерін дамытудың перспективалы бағыттарын айқындауға қатысады.

  • Филиалды дамыту стратегиясын әзірлеуге қатысады, процестер мен рәсімдерді жетілдіру жөнінде басшылықтың қарауына ұсыныстар енгізеді.

  • Филиалдың пайдалану аймағында қосылатын байланыс операторларымен және желі иелерімен өзара іс-қимыл жасау процесін бақылайды.

  • Өңірлік деңгейдегі сыртқы операторлармен өзара іс-қимылды үйлестіреді, электрондық сатып алулар конкурстарында жеңілген жағдайлар бойынша қызметтерді уақтылы тарату процесін бақылайды.

  • Баға саясаты мен қолданыстағы жеңілдіктер жүйесін қалыптастыру және түзету бойынша ұсыныстар енгізеді.

  • Макроөңір жобалары бойынша күрделі салымдар бюджеті мен жедел резерв шеңберінде ұсыныстар қалыптастырады.

  • Макроөңір бойынша дебиторлық берешек деңгейінің белгіленген көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

  • Клиенттердің өтініштерін, ұсыныстары мен шағымдарын объективті әрі уақтылы қарау процесін бақылайды.

  • Бөлімшенің клиенттік портфельдері шеңберінде клиенттерді қайта сегменттеуді қамтамасыз етеді, клиенттік базаны сақтап қалу және макроөңірдің кіріс бөлігін сақтау жұмыстарын бақылайды.

  • Жаңа қызметтер мен сервистерді танымал ету жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін бақылайды, клиенттерді ismet.kz порталы туралы ақпараттандыру процесін ұйымдастырады.

  • Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған шарттар мен қосымша келісімдерді жасасу және қайта жасасу жұмыстарын бақылайды.

  • Күрделі салымдар бюджеті мен жедел резерв қаражаты есебінен телекоммуникация желілерін салу бойынша басшылықтың қарауына ұсыныстар енгізеді.

  • Макроөңірдегі клиенттердің кетуін азайту жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процестерін бақылайды.

  • Макроөңірдегі бәсекелестердің қызметін талдау жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды.

  • Макроөңірдің штаттық санының толық жасақталуын бақылайды, штаттық бірліктердің үш айдан астам уақыт бойы бос тұруына жол бермейді.

  • Жаңадан қабылданған қызметкерлердің бейімделуіне және қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттердің қойылған міндеттерге сәйкес бөлінуіне жалпы бақылау жүргізеді.

  • Макроөңір қызметкерлерін ауыстыру, жоғарылату және жұмыстан босату процестерін, сондай-ақ Компанияның ішкі рәсімдері мен стандарттарына сәйкес жалақыны түзету мәселелерін бақылайды.

  • Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша макроөңір қызметкерлерін оқыту және дамыту жұмыстарын бақылайды.

  • Берілген өкілеттіктер шеңберінде ДКБ және «Қазақтелеком» АҚ мүдделерін барлық деңгейлерде және сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде білдіреді.

  • Негізгі клиенттермен кездесулерге қатысады, клиенттік сегменттер мен өңірлер бойынша жеке мақсаттар қоюды ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылайды.

Кандидатқа қойылатын талаптар

Білімі:

  • Жоғары экономикалық, қаржылық, маркетингтік немесе техникалық білім.

Жұмыс тәжірибесі:

  • Телекоммуникация саласында немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Кәсіби білімдері мен дағдылары:

  • «Қазақтелеком» АҚ және ДКБ-ның лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті көлемдегі өкімдік және ішкі құжаттарын білу.

  • «Қазақтелеком» АҚ-ның интеграцияланған менеджмент жүйесінің (ИМЖ) және ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің (АҚМЖ) талаптары мен құжаттарын білу.

  • Электрондық құжат айналымы жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары.

  • Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды меңгеру: CRM Siebel, АСР, Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint).

  • Мемлекеттік тілді лауазымды атқаруға қажетті көлемде білу.



Қажетті қабілеттер

  • • Лидерские качества и эффективная коммуникация

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр