Жобаларды дамыту департаментінің директоры КБД
«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.Лауазымдық міндеттері
-
Корпоративтік сегментке қатысты мемлекеттік жобаларға қатысады.
-
Телекоммуникация саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға ұсыныстар әзірлейді және енгізеді.
-
Қоғамның корпоративтік сегменттегі ірі жобаларының тұжырымдамаларын қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және жолдайды, сондай-ақ жобалардың салалық сараптамадан өтуіне жәрдем көрсетеді.
-
Ірі клиенттер үшін телекоммуникацияны дамытудың кешенді тұжырымдамаларын әзірлеуге қатысады.
-
Жобалар бойынша әкімшілік шығыстардың жеткізілген жоспарлы көрсеткіштерден асып кетуіне жол бермеуді бақылайды.
-
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін сақтайды және орындайды.
-
Интеграцияланған менеджмент жүйесін (ИМЖ) және ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесін (АҚМЖ) жұмыс жағдайында ұстау және жақсарту жөніндегі іс-шараларға қатысады.
-
ИМЖ және АҚМЖ сәйкессіздіктерінің себептерін жою мақсатында түзетулер енгізеді және түзету әрекеттерін қабылдайды.
Кандидатқа қойылатын талаптар
Білімі және жұмыс тәжірибесі:
-
Жоғары экономикалық, қаржылық немесе техникалық білім.
-
Телекоммуникация саласында немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
Қосымша және арнайы біліктілік талаптары:
-
Жобалық басқару әдіснамаларын білу.
-
Жобаларды басқару құралдарымен жұмыс істеу дағдылары.
-
Қаржылық басқару негіздерін түсіну: бюджетті есептеу, қаржылық жоспарлау және шығындарды басқару.
Кәсіби білімдері мен дағдылары:
-
Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті көлемде «Қазақтелеком» АҚ және ДКБ-ның өкімдік және ішкі құжаттарын білу.
-
«Қазақтелеком» АҚ-ның интеграцияланған менеджмент жүйесі (ИМЖ) және ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі (АҚМЖ) жөніндегі құжаттарын білу.
-
Электрондық құжат айналымы жүйесін білу және онымен жұмыс істеу дағдылары.
-
Осы лауазымда жұмыс істеуге қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды меңгеру.
-
Мемлекеттік тілді лауазымды атқаруға қажетті көлемде білу.
Қажетті қабілеттер
- Стратегическое планирование и управление развитием проектов
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр