"ҚТЖ "ҰК" АҚ- "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының Қаржылық тексеру департаментінің директоры
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қаржы-шаруашышылық қызиетінің жоспралы ревизиясын ұйымдастыру;
- Ревизиялық топтардың құрамы мен жетекшілерін анықтайды;
- Ревизия бағдарламасын бекітеді;
- Қаржылық ревизияны ұйымдастыру және жүргізу ережелеріне сәйкес бақылайды:
- Қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
- Еңбек ресурстарын және жалақыға арналған қаражатты пайдалануды тексеру
- Банктік және есеп айырысу операцияларының шынайылығы мен заңдылығын тексеру
- Дебиторлық және кредиторлық берешектердің жай-күйін тексеру
- Сатып алудың, сақтаудың, пайдаланудың дұрыстығы мен негізділігін тексереді; оларға меншік құқығын сақтау, активтерді иеліктен шығару және қайта құрылымдау
- Отын-энергетикалық ресурстарды және басқа да қорларды ұтымды пайдалануды тексеру;
- Талап арыздардың және сот ісінің мәртебесін тексеру
- Күрделі инвестициялар жоспарының орындалуын және нысандарды күрделі жөндеуді тексеру
- Бухгалтерлік есеп және салық есебінің жай-күйін тексеру
- Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу рәсімдерін тексеру
- Компания басшылығының нұсқаулары және құқық қорғау органдарының және уәкілетті мемлекеттік органдардың қаулыллары,сондай-ақ жеке тұлғалардың өтініштері негізінде тақырыптық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу
- Компанияның уәкілетті мемлекеттік қызметі шеңберінде Компания тобының ішінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету
- Мәмілелердің бірлігі бойынша бір-бірімен байланысты қаржылық және басқа да құжаттарды салыстыру үшін қарсы тексерулерді жүзеге асыруды қамтамасыз ету
- Қаржылық ревизияны жүргізуге кедергі болатын себептерді анықтап Компания басшылығына тиісті баянаттарды жібереді
- Тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтарды (келіспеушіліктерді) қарастырады және қажет болған жағдайда оларды Қоғам басшылығының қарауына ұсынады;
- Компаниянынң тобындағы тексерулер кезінде анықталған бұзушылықтарды түзету іс-қимыл жоспарының орындалуын бақылайды;
- Компания басшылығына ұсынылатын Департаменттің ревизиядық жұмысы бойынша тоқсан сайынғы есептердің уақтылығы мен сапасын бақылайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Экономика, Менеджмент, Юриспруденция, Қаржы, Есеп және аудит, Ақпараттық технологиялар, сондай-ақ темір жол көлігі мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 7 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Ғылым кандидаты
Ұқсас вакансиялар