1С әзірлеуші (аға инженер) — 1С басқармасы, Есепке алу жүйелері департаменті (аутстаффинг секторы)
«KMG Digital» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- 1) 1С ERP, Бух 3.0, ЗУП 3.1 және басқа да типтік конфигурацияларды жетілдіру
2) БСП негізінде жаңа конфигурацияларды әзірлеу
3) Әртүрлі жүйелермен интеграциялау үшін web және http сервистерін әзірлеу
4) Сыртқы баспа формалары мен есептерді әзірлеу
5) 1С негізіндегі конфигурацияларды қолдау, жетілдіру және сүйемелдеу тәжірибесі
6) 1С 8.3 платформасында клиент-серверлік қосымшаларды әзірлеу тәжірибесі, конфигурация қоймасымен жұмыс істеу
7) Бірлескен әзірлеу тәжірибесі, командада жұмыс істеу
8) Бөтен кодты тез түсіне білу
Талаптар:
- Жоғары кәсіби білім
- Кәсіби қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі
- Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
- 1) 1С: Кәсіпорын 8.x платформасын терең білу (архитектура, басқарылатын формалар, клиент-серверлік режим, жіңішке/веб-клиент).
2) 1С-тің кіріктірілген бағдарламалау тілін тамаша меңгеру, кодты оңтайландыру механизмдерін және жадпен жұмыс істеуді түсіну;
3) Деректермен жұмыс істеу механизмдерін білу: сұранымдар, СКД (деректерді құрастыру жүйесі), уақытша кестелер, сұранымдарды оңтайландыру;
4) Типтік конфигурацияларды әзірлеу және жетілдіру тәжірибесі (мысалы, УТ, ERP, БУХ, ЗУП) және кеңейтулер механизмімен жұмыс істей білу.;
5) Клиент-серверлік архитектураны, блоктауларды, транзакцияларды түсіну,
көппайдаланушылық жұмысты;
6) Интеграция қағидаттарын түсіну: HTTP/REST, SOAP, XML/JSON арқылы алмасу, сыртқы API-мен жұмыс; - Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1) Операциялық АТ-міндеттерді шешу дағдылары;
2) 1С типтік конфигурация нұсқаларын білу;
3) 1С стандартты подсистемалар кітапханасы механизмдерін білу;
4) Топтық әзірлеу құралдарымен жұмыс істей білу;
5) Интеграциялық міндеттерді шешу (rest/soap/ деректерді конвертациялау, таратылған ақпараттық базалар механизмі, сыртқы көздер);
6) Деректерді шектеу RLS механизмімен жұмыс істей білу;
7) 1С деректерді блоктауды басқару механизмі туралы білу;
8) Платформадағы негізгі механизмдердің жұмыс істеу қағидаттарын түсіну, соның ішінде: Деректерді құрастыру сызбалары және басқарылатын интерфейс;
Шарттар:
- Аутстаффинг секторында ресімдеу
- Бес күндік жұмыс аптасы
- Әлеуметтік пакет