«KTZ Express» АҚ Маркетинг және PR департаментінің маркетинг тобының бас менеджері (18 грейд)

Жалақы көрсетілмеген
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
104

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Жоспарланған деректерді нақты нәтижелермен салыстыра отырып, өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің орындалуы бойынша есептілікті жинауды және дайындауды жүзеге асырады;
  • ҚР-дағы тасымалдардың жалпы көлемінде қоғам алатын үлесті, сондай-ақ бәсекелестік ортаны анықтай отырып, қоғамның ақпараттық жүйелерінде нақты өндірістік көрсеткіштер туралы статистикалық есепті қалыптастырады;
  • Қоғамның маркетингтік стратегиясында көзделген талдамалық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның көрсетілетін қызметтері бойынша клиенттердің қанағаттану деңгейін талдайды;
  • Өндірістік қажеттіліктерге сәйкес, атап айтқанда жүк номенклатурасы, тасымалдау географиясы, Көлік құралының түрлері және т. б. өлшемшарттар бойынша нысаналы (тақырыптық) талдаулар (есептер) жүргізу;
  • Әлеуетті жеткізушілерді анықтау мақсатында логистикалық қызметтер нарығын талдайды;
  • Бағыттар, жүктердің негізгі номенклатурасы, қызметтерді тұтынушылар бөлінісінде темір жол көлігімен қоғам жүктерін тасымалдау динамикасына әсер ететін факторларға мониторинг және талдау жүргізеді;
  • Тарихи деректерді, даму жоспарларын, нарықтық бағаларды талдауды және нарықтағы үлесті негізге ала отырып, тасымалдаудың болжамды көлемі бөлігінде қоғамның еншілес кәсіпорындары кірістерінің бюджетін келіседі;
  • Іс-шараларды (көрмелер, дөңгелек үстелдер, форумдар және т.б.) ұйымдастыруға және дайындауға қатысады.);
  • Департаменттің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді анықтайды, сипаттайды және бағалайды, тәуекелдер карталарын және тәуекелдерді басқару үшін қажетті басқа да құжаттарды уақтылы өзектендіреді;
  • Департаменттің өкілеттігі мен жауапкершілігі шеңберінде тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды/бақылау рәсімдерін әзірлеуді және енгізуді, іс-шаралардың/бақылау рәсімдерінің тиімділігін талдауды және оларды жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар; Логистика (салалар бойынша); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Экономика; Менеджмент; Қаржы; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Маркетинг; Ақпараттық жүйелер; Халықаралық қатынастар; Кеден ісі; Құқықтану; Халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол мамандықтары.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр