"Қазтеміртранс"АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің шарттық және сатып алу жұмыстарын құқықтық қамтамасыз ету тобының менеджері (17 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Тендерлік құжаттаманы және сатып алу туралы Жергілікті актілерді (оның ішінде сатып алу санаттық стратегияларын бекіту туралы)қоса алғанда, Қоғамның орталық аппаратының мұқтаждары үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу;
- Кейіннен оларды бекітуді қамтамасыз ете отырып, шарттардың үлгілік нысандарын әзірлеуге және келісуге қатысу;
- Қоғам басшылығының кейіннен қол қоюы үшін Департаментке келісуге ұсынылатын шарттар, келісімдер мен меморандумдар жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;
- Қоғамның орталық аппаратының қажеттіліктері үшін сатып алуды заңдық сүйемелдеуді қоса алғанда, Департаменттің құзыреті мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерге құқықтық кеңес беру;
- Шарттық және сатып алу жұмыстарын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі топтың қызметін регламенттейтін жергілікті нормативтік актілерді әзірлеу және өзектендіру;
- Нотариаттық қызметтер көрсетуге шарт жасасуды және оны орындауды сүйемелдеу, құрылымдық бөлімшелердің нотариаттық іс-әрекеттерге қажеттілігін қамтамасыз ету және оларды қоғам атынан төлеуді ұйымдастыру;
- Қоғамның жасалған шарттары бойынша кіріс және шығыс талаптарды (заңды және жеке тұлғалардан және олардың атына) қарау, негізділігін құқықтық бағалау және келісу.
- Білімі: жоғары;
- Мамандығы: құқықтану, халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр