Нормативтік-құқықтық жұмыс секторының жетекші заңгері — Корпоративтік басқаруды құқықтық сүйемелдеу басқармасының құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
55

Қаралған саны:
453

   Конкурс туралы

Білім деңгейі: Бакалавр

Білім беру бейіні: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

Құқық (юриспруденция/құқықтану/халықаралық құқық).

Қосымша (ұсынылады): тиісті бейін бойынша магистр дәрежесі

кәсіби қызмет бейініне сәйкес;

бизнес және басқару магистрі немесе

бизнес

әкімшілігі магистрі (MBA).

Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі: - құқықтық салада кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі (ең дұрысы мұнай-газ саласында) және/немесе корпоративтік басқару және/немесе нормашығармашылық қызмет және/немесе квазимемлекеттік сектор компанияларында және/немесе Қазақстан аумағындағы ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу.

 Ең дұрысы:

- корпоративтік басқару мәселелерін және заңды тұлғалардың басқару органдарының қызметін құқықтық сүйемелдеу тәжірибесі;

- ішкі құжаттарды әзірлеу, құқықтық сараптау және келісу, Директорлар кеңесі, Басқарма, комитеттер және өзге де басқару органдарының қызметіне байланысты корпоративтік рәсімдерді сүйемелдеу тәжірибесі;

- нормативтік құқықтық актілер жобалары мен ішкі құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу тәжірибесі;

- ҚР заңнамасындағы өзгерістерді мониторингтеу және талдау тәжірибесі;

- корпоративтік, азаматтық, әкімшілік және шаруашылық заңнамасы мәселелері бойынша құқықтық қорытындылар дайындау тәжірибесі;

- мемлекеттік органдармен, акционерлермен, ДЗО-мен өзара іс-қимылды сүйемелдеу тәжірибесі;

- құқықтық тәуекелдерді анықтау, бағалау және барынша азайту тәжірибесі;

- корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және операциялық тиімділікті арттыру бойынша жобаларға қатысу тәжірибесі;

Міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:

- корпоративтік, азаматтық, әкімшілік, еңбек, кәсіпкерлік құқық саласындағы, ұлттық компаниялар, акционерлік қоғамдар және квазимемлекеттік сектор туралы заңнаманы білу;

- корпоративтік басқарудың қағидаттары мен халықаралық үздік тәжірибелерін білу (OECD, ICGN және т.б.);

- ішкі нормативтік құжаттарды, регламенттерді, саясаттарды және корпоративтік стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту және өзектендіру тәртібін білу;

- нормативтік құқықтық актілер жобаларына, ішкі құжаттарға, басқару органдарының шешімдері мен корпоративтік құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу дағдылары;

- құқықтық қорытындыларды, аналитикалық анықтамаларды, заңгерлік меморандумдар мен сараптамалық қорытындыларды дайындау дағдылары;

- Директорлар кеңесінің, Басқарманың, комитеттердің және өзге де корпоративтік басқару органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібін білу;

- корпоративтік рәсімдерді сүйемелдеу дағдылары, оның ішінде басқару органдарын қалыптастыру, корпоративтік бақылау және ДЗО-мен өзара іс-қимыл мәселелері;

- құқықтық тәуекелдерді анықтау, бағалау және барынша азайту, құқықтық due diligence жүргізу және бизнес-процестерге құқықтық талдау жасау дағдылары;

- заңнамадағы өзгерістерді талдау және мониторингтеу, олардың Компания қызметіне ықпалын бағалау және ішкі процестерді бейімдеу бойынша ұсыныстар дайындау дағдылары;

- іскерлік хат алмасуды жүргізу, шарттар, келісімдер, сенімхаттар, корпоративтік шешімдер және өзге де заңгерлік құжаттар жобаларын дайындау дағдылары;

- құрылымдық бөлімшелермен, ДЗО-мен, мемлекеттік органдармен және сыртқы консультанттармен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдылары;

- корпоративтік және реттеуші бастамаларды іске асыру шеңберінде жобаларды басқару және пәнаралық жұмыс топтарының жұмысын үйлестіру дағдылары;

- мемлекеттік және орыс тілін меңгеру, ағылшын тілін А1 деңгейінде меңгеру: Beginner (бастапқы) (ұсынылады).

Функционалдық міндеттер:

Корпоративтік басқаруды құқықтық сүйемелдеу саласында:

1) құзырет шегінде КМГ қызметіне байланысты құқықтық мәселелер бойынша КМГ қызметкерлеріне консультация береді;

 2) корпоративтік басқаруды құқықтық сүйемелдеуді (КМГ органдарының қызметін, оның ішінде курстелетін ДЗО-ларға қатысты мәселелерді) және КМГ корпоративтік орталығының қызметін (Департаменттің өзге басқармаларының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда) функционал шегінде жүзеге асырады;

3) корпоративтік басқару бағыты мен ДЗО-ны құқықтық қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру шеңберінде КМГ мен ДЗО-ның құқықтық тәуекелдерін анықтауды, талдауды, бейтараптандыруды, бағалауды және барынша азайтуды, КМГ мен ДЗО-ның құқықтық тәуекелдерінің алдын алуды жүзеге асырады;

4) функционал шегінде КМГ корпоративтік орталығының қызметін реттейтін корпоративтік құжаттар жобаларын олардың Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына, КМГ-ның ішкі нормативтік құжаттарына, корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан сүйемелдейді, сондай-ақ КМГ құрылымдық бөлімшелерінен түскен мәселелер бойынша жұмыс топтарына және кеңестерге консультация беру, ұсыныстар, ескертпелер, ұсынымдар енгізу арқылы қатысады, заңгерлік қорытындылар дайындайды, КМГ мен ДЗО қызметін КМГ басшылығының тапсырмасы бойынша немесе Сектор құзыреті шегінде түскен шағымдар немесе өзге де негіздер бойынша тексерулер жүргізуге қатысады;

5) функционал шегінде КМГ компаниялар тобы шеңберінде Директорлар кеңестерін/байқаушы кеңестерін қалыптастыру мәселелерін КМГ корпоративтік басқару кодексінің, КМГ-ның және «Самұрық-Қазына» АҚ ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

6) Сектор құзыреті шегінде және КМГ басшылығының тапсырмасы бойынша КМГ қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттар жобаларын әзірлеуді бақылауды және қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сондай-ақ олардың келісу және бекітілуін ұйымдастыруға қатысады;

7) функционал шегінде мемлекеттік органдар және/немесе КМГ бастамашылық ететін нормативтік құқықтық актілер жобаларына құқықтық сараптама жүргізуді жүзеге асырады, еңбек және әлеуметтік мәселелерді қоспағанда; КМГ-ның, ДЗО-ның мүдделеріне қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талдау жүргізеді, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізеді;

8) КМГ мен ДЗО-ның бұйрықтары, сенімхаттары, шешімдері және өзге де құқықтық құжаттарының жобаларына құқықтық сараптама жүргізуді жүзеге асырады, олар корпоративтік рәсімдерге сәйкес КМГ-ға қарауға немесе келісуге ұсынылады, сондай-ақ функционал шегінде КМГ-ның мемлекеттік органдарға және өзге тұлғаларға қарауға немесе келісуге енгізетін құжаттары бойынша;

9) функционал шегінде басқарма құзыреті шегінде ішкі құжаттарға олардың ҚР заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптама жүргізуді жүзеге асырады;

10) КМГ компаниялар тобының қызметіне қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға уақтылы мониторинг жүргізуді жүзеге асырады/жүргізілгенін қамтамасыз етеді, мемлекеттік органдарда, ҚР Парламентінде заң жобаларын, кодекстерді қарау кезінде жұмыс топтарының құрамында КМГ мен ДЗО-ның мүдделерін білдіруге қатысады және ұсынады;

11) Департамент туралы ережеге сәйкес өзге де функцияларды, сондай-ақ Басқарма төрағасының, Департамент директорының, басқарма бастығының, Сектордың бас заңгерінің тапсырмалары бойынша қосымша жүктелген, бірақ Департамент туралы ережеде қамтылмаған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр