Күрделі құрылыс басқармасы, күрделі құрылыс бөлімінің жетекші инженер-электригі

475 237 - 495 237 KZT
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
39

   Конкурс туралы

Міндетері:

  1. Әдістемелік және өзге де құжаттарды, техникалық құжаттаманы, сондай-ақ әзірленген жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеуді бақылайды және оған қатысады;

  2. Ұйымның (ұйым бөлімшелерінің) жобалары мен бағдарламаларын зерттеу, әзірлеу жұмыстарын, жабдықтарды сынауға және оларды пайдалануға енгізуге байланысты іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ техникалық құралдарды, жүйелерді, процестерді, жабдықтар мен материалдарды стандарттау жөніндегі жұмыстардың орындалуын бақылайды және оған қатысады, техникалық құжаттаманы қарауға және орындалатын жұмыс мәселелері бойынша қажетті шолуларды, пікірлерді, қорытындыларды дайындауға қатысады;

  3. Жобалау-сметалық және техникалық құжаттаманы құрылымдық бөлімшелермен келісуді, олардың құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін уақтылы берілуін, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, техникалық қауіпсіздік нормаларына, өндірістік санитарияға, еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкестігін ұйымдастырады;

  4. Заманауи электронды-есептеу техникасын пайдалана отырып, ақпаратты, техникалық деректерді, жұмыс көрсеткіштері мен нәтижелерін зерделейді әрі талдайды, оларды шоғырландырады және жүйелейді, қажетті есептеулерді жүргізеді;

  5. Реконструкциялау және жаңғырту мәселелерін шешуге, құрылыс және реконструкциялау объектілерінің нарқын төмендетуді және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ететін неғұрлым прогрессивті технологиялық процестерді, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді енгізуге байланысты жобаларға өзгерістер енгізуге қатысады;

  6. Күрделі құрылыс бойынша есепке алуды және есептілікті жүргізу жұмыстарын бақылайды.

  7. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтаудың бекітілген мерзімдері негізінде жұмыстарды орындау мен жабдықтарды жеткізу графиктерін әзірлейді, ұйымды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарларының орындалуын, өнім берушілердің белгіленген жеткізу графиктерін, жабдықтың сапасы мен жиынтықтылығын сақтауын бақылайды.

  8. Жабдықтар мен жиынтықтаушы бұйымдарды қабылдаудың, консервациялаудың саны мен сапасын, олардың құрылыс-монтаждау ұйымдары мен ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне уақтылы берілуін бақылайды;

  9. Жеткізушілер Серіктестіктің шарттық міндеттемелерін бұзған кезде кінәрат-талаптар бойынша хат-хабар жүргізеді, жеткізу мерзімдерінің өзгерістерін, жабдықтар мен жиынтықтаушы бұйымдарды ауыстыруды келіседі, құрылыс-монтаждау жұмыстары сапасының нашарлауы мен мерзімдерінің ақсау себептеріне талдау жасайды, олардың алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдайды;

  10. Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, техникалық шарттарға, қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормаларына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуын және мердігер құрылыс ұйымдарынан аяқталған объектілердің қабылдануын бақылайды;

  11. Жобаны орындаушылармен (мердігерлік және өз персоналымен) жұмыс істейді

  12. Монтаждалған жабдықты торап бойынша қабылдауды, жасырын жұмыстарды қабылдауды ұйымдастырады;

  13. Жобаның орындалуы бойынша техникалық және авторлық қадағалаумен ескертпелердің пысықталуын бақылайды.

  14. Құрылыс объектілерін қабылдау және оларды пайдалануға беру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады, құрылыс ұйымдарының шала жұмыстар мен ақауларды комиссия белгілеген мерзімде жою сапасын бақылайды.

15. Аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарының және күрделі құрылыс жоспарларының орындалу есебін жүргізеді.


Талаптар:

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (техникалық — жылу энергетикасы, электр энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар). Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы): Қызмет бейініне сәйкес жылу энергетикасы, электр энергетикасы және телекоммуникациялар кәсіби саласындағы практикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жылды құрауы керек.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы