Күрделі құрылыс басқармасы, күрделі құрылыс бөлімінің 1-санатты инженер-электригі
379 892 - 399 892 KZT
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1. Жеткізушілер Серіктестіктің шарттық міндеттемелерін бұзған кезде кінәрат-талаптар бойынша құжаттаманы дайындайды, жеткізу мерзімдерінің өзгерістерін, жабдықтар мен жиынтықтаушы бұйымдарды ауыстыруды келіседі, құрылыс-монтаждау жұмыстары сапасының нашарлауы мен мерзімдерінің ақсау себептеріне талдау жасайды, олардың алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдайды;
-
Жабдықтар мен жиынтықтаушы бұйымдарды қабылдаудың, консервациялаудың саны мен сапасын, олардың құрылыс-монтаждау ұйымдары мен ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне уақтылы берілуін бақылайды;
-
Тапсырыс беруші атынан бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, техникалық шарттарға, қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормаларына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалауды және мердігер құрылыс ұйымдарынан аяқталған объектілерді қабылдауды жүзеге асырады;
-
Жобаны орындаушылармен (мердігерлік және өз персоналымен) жұмыс істейді;
-
Монтаждалған жабдықты торап бойынша қабылдауға, жасырын жұмыстарды қабылдауға қатысады;
-
Жобаның орындалуы бойынша техникалық және авторлық қадағалаумен ескертпелерді пысықтайды.
-
Аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебін жүргізеді және күрделі құрылыс жоспарларының орындалуы туралы есептілікті жасау үшін қажетті деректерді дайындайды.
-
Есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалана отырып, жобалау, құрылыс, ақпараттық қызмет көрсету, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, техникалық бақылау саласындағы ғылыми-техникалық қызмет бойынша жұмыстарды орындайды;
-
Әдістемелік және өзге де құжаттарды, техникалық құжаттаманы, сондай-ақ әзірленген жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
-
Ұйымның (ұйым бөлімшелерінің) жобалары мен бағдарламаларын зерттеу, әзірлеу жұмыстарына, жабдықтарды сынауға және оларды пайдалануға енгізуге байланысты іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ техникалық құралдарды, жүйелерді, процестерді, жабдықтар мен материалдарды стандарттау жөніндегі жұмыстарды орындауға, техникалық құжаттаманы қарауға және орындалатын жұмыс мәселелері бойынша қажетті шолуларды, пікірлерді, қорытындыларды дайындауға қатысады;
11. Заманауи электронды-есептеу техникасын пайдалана отырып, ақпаратты, техникалық деректерді, жұмыс көрсеткіштері мен нәтижелерін зерделейді әрі талдайды, оларды шоғырландырады және жүйелейді, қажетті есептеулерді жүргізеді;
Талаптар:
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (техникалық — жылу энергетикасы, электр энергетикасы). Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы): Қызмет бейініне сәйкес жылу энергетикасы саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жылды құрауы керек.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар
Жөндеулерді жоспарлау және сүйемелдеу қызметі, жөндеулерді жоспарлау және бөлімінің 1-санатты инженері
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
04.11.2026 | 42
379 892 - 399 892 KZT
Күрделі құрылыс басқармасы, күрделі құрылыс бөлімінің жетекші инженер-электригі
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
04.11.2026 | 40
475 237 - 495 237 KZT
Күрделі құрылыс басқармасы, күрделі құрылыс бөлімінің 1-санатты инженер-технологы
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
04.11.2026 | 30
379 892 - 399 892 KZT