Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің Шу жол дистанциясының машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу жөніндегі шебері.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Жабдықтардың бар-жоғын және қозғалысын есепке алу, техникалық және есептік құжаттаманы жасау және ресімдеу жұмыстарын ұйымдастыру.
- Жабдықтарды жөндеу жұмыстарына арналған сметаларды жасау, жабдықтарды пайдалану үшін қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға өтінімдерді ресімдеу.
- Жөндеуаралық техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жөндеу жұмыстарын орындау кезінде материалдардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету.
- Жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ұйымдастыру, есепке алу және жоспарлау, жабдықтарды жаңғырту, ұйымды қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру, технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру құралдарын енгізу, қоршаған ортаны қорғау, өндіріс тиімділігін арттыру жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу.
- Өндірістік негізгі құралдарға түгендеу жүргізуді ұйымдастыру, ескірген жабдықтарды және күрделі жөндеуді қажет ететін объектілерді анықтау, жөндеу жұмыстарының кезектілігін белгілеу.
- Жабдықтардың мерзімінен бұрын тозуы мен олардың тоқтап қалу себептерін зерттеуге қатысу.
- Жабдықтарды монтаждау жұмыстарының сапасын, күрделі жөндеуге бөлінген қаражаттың ұтымды жұмсалуын, жабдықтардың қоймаларда дұрыс сақталуын, көтергіш механизмдер мен басқа да объектілерді уақтылы тексеруді және мемлекеттік техникалық қадағалау органдарына ұсынуды, сондай-ақ жабдықтардың паспорттарына өзгерістер енгізуді бақылауды қамтамасыз ету.
- Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету.
- Жабдықтарды сатып алуға арналған өтінімдерді жасауға қатысу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе орта (техникалық және кәсіптік) білім не белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлықтан өту.
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік техникасы, құрылыс және жол машиналары мен жабдықтары); Көлік құрылысы; Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы.
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптарсыз немесе тиісті салада кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж