"ҚТЖ"ҰК" АҚ ның филиалы - Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі" жол машиналарынын машинист нұсқаушысы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Арнайы жылжымалы құрам (АЖҚ) бригадаларымен бақылау-нұсқаулық сапарларын жүзеге асыру, машинистер мен машинист көмекшілерінің іс-әрекеттеріне, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін орындау кезіндегі өзара іс-қимыл сапасына баға беру. АЖҚ қозғалысы параметрлері бойынша КЛУБ тіркеу кассеталарындағы жазбаларды тексеру (шифрын ашу). АЖҚ бригадаларының өздерінің лауазымдық міндеттеріне кіретін мәселелерді реттейтін қолданыстағы нормативтік құжаттардың, бұйрықтар мен өкімдердің талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру. Жұмыс барысын бақылау нәтижелері, жұмыс сапасын талдау және теориялық даярлық деңгейі негізінде АЖҚ бригадалары қызметкерлерін одан әрі пайдалану жөнінде НЖС бас инженеріне қорытынды ұсыну. Машинист лауазымына үміткерлердің АЖҚ-ны өз бетінше басқару құқығына арналған практикалық білімін тексеру, сондай-ақ НЖС комиссиясының жұмысына қатысу және АЖҚ бригадалары қызметкерлерінің Техникалық пайдалану қағидалары (ТПҚ) мен нұсқаулықтарды білу деңгейін тексеру. АЖҚ бригадаларының рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуін ұйымдастыруды және учаскелік станцияларда және басқа да пункттерде қызметкерлерді жұмысқа жіберу тәртібін тексеру. АЖҚ бригадаларын қалыптастыру және оларға бекіту жөніндегі ұсыныстарды қарау, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары директорларының оларды тағайындау жөніндегі бұйрықтарын келісу. Техникалық және кешенді ревизияларды, көктемгі және күзгі, сондай-ақ кезектен тыс теміржол жолдарын, олардың құрылғыларын, өткелдер мен құрылыстарды тексеруге қатысу. Бригадаларды қысқы жағдайларда жұмыс істеу ерекшеліктеріне оқытуды ұйымдастыру, АЖҚ-ны бригадалардың комиссиялық тексерулерге дайындауын ұйымдастыру және олардың өткізілуін бақылау. Жұмыс орындарында анықталған бұзушылықтар мен жиі жіберілетін қателіктер бойынша бригадаларға нұсқама беру, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бұйрықтар мен нұсқаулардың талаптарын білу деңгейін тексеруҚосымша талаптар:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар Министрлігінің нормативтік құқықтық актілері, ұйымынң өндірістік шаруашылық қызметін реттейтін актілерді; Өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін жергілікті актілер ретінде электрмен жабдықтауды, қосалқы станциялар мен электр станцияларын электрмен жабдықтау схемаларын, автоматты блоктау әуе желілерін және электрмен жабдықтаудың бойлық желілерін электрмен жабдықтауды ұйымдастыру электр желілерінің ауданы, тарату аймағы шегінде станцияның техникалық және тарату актілері;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Ұқсас вакансиялар