5-разрядты кран машинисі (краншы) Қойма шаруашылығы № 60-02-05/3283 от 27.10.2026 г. Усть-Камененогорск- 1 ед.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
92

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Білуі тиіс: -қызмет көрсетілетін крандар мен механизмдердің құрылысы мен кинематикалық сұлбалары; - технологиялық жабдықты монтаждаудың, бұйымдарды, агрегаттарды, тораптарды, машиналар мен механизмдерді, ғимараттар мен құрылыстардың құрама элементтерінің конструкцияларын стапельді және секциялық құрастыру мен бөлшектеудің технологиялық процесі; -электротехника және слесарлық жұмыс.

Білім:

Кәсіптік дайындықпен жалпы орта білімнен төмен емес

Дағдылар:

Орындай білуі тиіс: - ағаш (ұзындығы 3 метрден 6 метрге дейін) және басқа да ұқсас жүктерді тиеу, түсіру, қайта тиеу және тасымалдау бойынша орташа күрделі жұмыстарды орындау кезінде жүк көтергіштігі 25 тоннадан асатын, әртүрлі жүк қармау құрылғыларымен жабдықталған көпірлік және шлюздік крандарды басқаруға; - бөлшектерді, бұйымдарды және тораптарды білдекке орнату; - төсеніштерді және басқа да монтаждау құрылғылары мен механизмдерін жылжыту; - сусымалы, даналы, ағаш (ұзындығы 3 метрге дейін) және басқа да ұқсас жүктерді тиеу, түсіру, қайта тиеу және тасымалдау бойынша қарапайым жұмыстарды орындау кезінде жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын мұнаралы өздігінен жүретін, порталды-жебелі крандарды, жүк көтергіштігі 25 тоннадан асатын мұнаралы стационарлық және козлолық крандарды басқаруға; - жүк көтергіштігі 10 тоннадан 100 тоннаға дейінгі көпірлі және шлюзді крандарды, жүк көтергіштігі 3 тоннадан 15 тоннаға дейінгі мұнаралы өздігінен жүретін, порталды-жебелі крандарды, жүк көтергіштігі 5 тоннадан 25 тоннаға дейінгі әртүрлі жүк қармау құрылғыларымен жабдықталған мұнаралы стационарлы және козлолы крандарды ағаш (ұзындығы 6 метрден асатын - көпірлі және шлюзді крандарда, ұзындығы 3 метрден асатын - мұнаралы өздігінен жүретін, порталды-жебелі, мұнаралы стационарлы және козлолы крандарда) және жоғары сақтық талап ететін басқа да ұқсас жүктерді тиеу, түсіру, қайта тиеу және тасымалдау бойынша күрделі жұмыстарды орындау, сондай-ақ технологиялық жабдықты және онымен байланысты конструкцияларды монтаждау, бұйымдарды, агрегаттарды, тораптарды, машиналарды, механизмдерді стапельді және секциялық құрастыру және бөлшектеу, қыздыру пештерінен құймалар мен дайындамаларды отырғызу және беру, металды құю, машиналар мен секциялардың бұйымы, оның ішінде екі және одан да көп крандармен балғалар мен престерде соғу, станокқа аса сақтықты талап ететін бөлшектерді, бұйымдар мен тораптарды орнату кезінде және құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау; - барлық жұмыс түрлерін орындау кезінде жүк көтергіштігі 3 тоннадан 10 тоннаға дейін жететін кабельді крандарды және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін жететін жүзіп жүретін крандарды басқаруға; - барлық жұмыс түрлерін (құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарынан басқа) орындау кезінде жүк көтергіштігі 10-нан 25 тоннаға дейінгі шынжыр табанды және пневмодөңгелекті крандарды және жүк көтергіштігі 25 тоннаға дейінгі әртүрлі жүк ұстағыш құрылғылармен жабдықталған өздігінен жүретін теміржол крандарын басқару; - құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау кезінде жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі шынжыр табанды және пневмодөңгелекті крандарды және жүк көтергіштігі 15 тоннаға дейінгі әртүрлі жүк қармау құрылғыларымен жабдықталған өздігінен жүретін теміржол крандарын басқару.

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы - қалыпты еңбек жағдайлары Жұмыс және демалыс режимі: - 5 күндік жұмыс аптасында 8.00-ден 17.00-ге дейін; сенбі және жексенбі демалыс күндері Еңбек ақы мөлшері: грейд: 9 163493 теңгеден 339018 теңгеге дейін Тағылымдама - 30 жұмыс күні мерзіміне белгіленеді

Білетін тілдер:

-