«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Семей магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Жана-Семей жол дистанциясы механикалық шеберханалар цехының бас механигі

503 670 - 526 150
Жана-Семейская дистанция пути Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
38

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу және шеберханаларда жұмыстар жүргізу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау жөніндегі іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыстар шеберханалардан тыс жерде жүргізілетін жағдайларда бақылаудың екінші сатысын жүзеге асыру;
  • Автокөліктерге, жол машиналары мен тіркемелерге жылдық техникалық байқаудың уақтылы жүргізілуін, жұмыстарды есепке алу, мерзімді техникалық қызмет көрсету және жөндеу журналдарының толтырылуын бақылау. Қашықтықтағы жабдықтың бар-жоғын және жұмысын есепке алу;
  • Шеберханалар бойынша барлық есептілікті дұрыс жүргізуді, жасауды және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;
  • Шеберханаларға қажетті материалдарға, отынға, майлау, сүрту және басқа материалдарға өтінімдер жасау;
  • Жабдықтарды, машиналарды, механизмдерді, гидроэлектр құралдарын жоспарлы-алдын ала жөндеуді жүргізу бойынша әзірлеу, жүзеге асыру және бақылау;
  • Қысыммен жұмыс істейтін машиналарды, механизмдерді, кран қондырғыларын, ыдыстарды, жүк қармау құрылғыларын куәландыруға бақылауды жүзеге асыру және жүк көтергіш машиналарды, арқандарды және басқа да жүк қармау құрылғыларын сынақтан өткізу. Мотор-рельс және автотрактор техникасы бойынша маршруттық және жол парақтарының дұрыс жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары); Машина жасау; Электр энергетикасы; Аспап жасау; Жылу энергетикасы; көлік құрылысы; темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер мен көлік тоннельдері)
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр