Механикалық учаскенің басшысы
«CASPI BITUM» БК» ЖШС Ақтау қ.Міндеттері: Механикалық учаскенің бастығы учаскедегі жөндеу жұмыстарын өндірісті дұрыс ұйымдастырушы және тікелей ұйымдастырушы болып табылады. Механикалық учаскеге бекітілген жабдықтың
дұрыс әрі қауіпсіз пайдаланылуын,
техникалық қызмет көрсетудің уақтылы жүргізілуін және жоспарлы-алдын алу жөндеуін қамтамасыз етеді.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы;
2) Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңы;
3) СТ РК 3517-2020 «Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі. Технологиялық қондырғылар мен жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу тәртібі»;
4) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы СТ «Өмірлік маңызды ережелер» №35 21.04.2023 (S-0000-3511-080);
5) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ҚР нормативтік-құқықтық актілері;
6) Зауыттың технологиялық жабдығын жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері;
7) Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға арналған құрылғыға және оларды қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары;
8) Бу және ыстық су құбырларын құрылғыға және оларды қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары;
9) Бумен жұмыс істейтін және су жылыту қазандықтарын құрылғыға және оларды қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары;
10) Жүк көтергіш механизмдерді (ЖКМ) құрылғыға және оларды қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары;
11) Халықаралық стандарттың ISО талаптары бойынша сапа менеджменті жүйесі саласындағы білім, қауіпсіздік мәдениеті, 5S бағдарламасы;
11) Өндірістік процесті техникалық бақылау арқылы әртүрлі жүйелердегі ақауларды қадағалау және жою, механизмдердің үйлесімді жұмысын бақылау, сондай-ақ техниканы және жабдықты жөндеу мен қызмет көрсету саласында кең ауқымды білім мен дағдыларға ие болу;
12) «Самұрық-Қазына» АҚ, ҚМГ құжаттарын білу, сондай-ақ халықаралық стандарттардың ISO 9001:2015, ISO 14001-2015, ISO 45001-2018, ISO 55001-2014, ISO 50001-2011 талаптарына сәйкес кіріктірілген менеджмент жүйесі саласында, кіріктірілген менеджмент жүйесінің Саясаттары мен Мақсаттары, құрылымдық бөлімше тізімінде және қауіпсіздік мәдениетінде айқындалған сыртқы және ішкі құжаттар.
Білімге қойылатын талап: Жоғары кәсіби (техникалық) білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талап:
- Кәсіби саладағы жалпы жұмыс өтілі: инженерлік-техникалық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл.
- Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі: инженерлік-техникалық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл.
- ҚМГ және/немесе аффилиирленген ұйымдарда (мұнай-газ саласында): инженерлік-техникалық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл.
Шарттар:
- Ақтау қ., Промзона 5.
- кесте: 5/2
Қажетті қабілеттер
- - внимательность к деталям, умение работать с большими объемами информации;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр