Аутстаффинг қызметкерлерін кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің аға менеджері

«Samruk Business Academy» ЖММ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
68

   Конкурс туралы

Қойылатын талаптар:

  • Персоналды басқару саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

  • Тиісті мамандық бойынша жоғары білімінің болуы;

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің негіздерін білуі.

Міндеттері:

1. Кадрлық іс жүргізуді және кадрлық есепке алуды жүргізу және әкімшілендіру

1.1. Жұмыс беруші актілерінің және өзге де құжаттардың жобаларын уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді, оның ішінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруды және еңбек шарттарын бұзуды ресімдеуді, қабылдаушы тарапқа ұсынылатын қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуды және оларға қосымша келісімдерді ресімдеуді; іссапарларды ресімдеуді; демалыстың барлық түрлерін беру, материалдық көмек көрсету, сыйлықақы беру, қосымша ақы белгілеу, демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту, үстеме жұмысқа тарту, бос тұрып қалу уақытын төлеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықтарды, негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды және өзге де құжаттарды дайындауды жүзеге асырады;

1.2. RPA арқылы кадрлық іс-шараларды ресімдеу үшін қажетті бастапқы деректерді ұсынуды қамтамасыз етеді;

1.3. Персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсету шеңберінде тартылатын қызметкерлердің жеке істерін (кураторлық бойынша) қалыптастырады;

1.4. Қабылдаушы тарапқа ұсынылатын қызметкерлердің дербес деректерін дерекқор жүйесіне енгізуді және түзетуді жүзеге асырады;

1.5. Уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну үшін статистикалық есептілікті қалыптастыру және әскери есепке алу жұмысын жүргізу бойынша мәліметтерді дайындайды;

1.6. Дерекқор жүйесінде (кураторлық бойынша), сондай-ақ қағаз жеткізгіште жұмыс уақытын есепке алу табелін қалыптастырады;

1.7. Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын Департаменттің істер номенклатурасына сәйкес Журналда ресімдейді және тіркейді; жұмыс орнынан анықтамаларды, қызметкерлердің сұрауы бойынша ұсыным хаттарды, қабылдаушы тарапқа ұсынылатын қызметкерлердің өтініштеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының өтініштеріне жазбаша жауаптарды дайындайды;

1.8. Белгіленген сақтау мерзімдері аяқталғанға дейін мұрағатқа өткізуге жататын жеке құрам бойынша құжаттарды (кураторлық бойынша) дайындайды;

1.9. Қабылдаушы тарапқа ұсынылатын қызметкерлердің еңбек қызметіне байланысты еңбек кітапшаларына жазбалар енгізеді.

2. Жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасау

2.1. Персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсету шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерді іздеуді және іріктеуді жүзеге асырады, сондай-ақ жеткізушілермен шарттық қатынастарды әкімшілендіреді, оның ішінде мынадай бағыттар бойынша:

  • ауру жағдайына байланысты ерікті медициналық сақтандыру;

  • өндірістік персоналға арналған арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарын жеткізу;

  • құрал-саймандар мен керек-жарақтарды жеткізу;

  • персоналды Тапсырыс берушінің өндірістік объектілеріне жіберу үшін міндетті оқыту;

  • персоналды тамақтандыруды және тұруын ұйымдастыру.

2.2. Тапсырыс берушімен келісу бойынша медициналық сақтандыру қызметтерін жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасайды, шарттар мен оларға қосымша келісімдер жасасу бойынша ұсыныстар дайындайды, сондай-ақ олардың орындалуына мониторинг жүргізеді;

2.3. Қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, сондай-ақ жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру қызметтерін жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасайды; тиісті шарттарды жасасу бойынша ұсыныстар дайындайды.

3. Қызмет көрсету шарттарын жасасуды ұйымдастыру (шартқа дейінгі жұмыс)

3.1. Қызмет көрсетуге арналған өтінімдерді қабылдайды, ұсынылған ақпараттың толықтығын тексереді, коммерциялық/бағалық ұсыныстарды қалыптастырады және жібереді, қызмет көрсету шарттарын, олардың техникалық ерекшеліктерін, қызметтер сметаларын, сондай-ақ қажет болған жағдайда оларға қосымша келісімдерді әзірлейді және келіседі;

3.2. Персонал ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған тендерлерге қатысады. Белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттардың толық топтамасын дайындайды;

3.3. Қызмет көрсету шарттарын жасасу үшін қажетті құжаттарды, оның ішінде тендерлік құжаттарды дайындайды. Коммерциялық/бағалық ұсыныстарды қалыптастыруды, шарттардың, қосалқы мердігерлермен жасалатын шарттардың (оқыту, біліктілікті арттыру және персоналды өзге де қамтамасыз ету бойынша) жобаларын, оларға қосымша келісімдерді дайындауды және келісуді, сондай-ақ оларды әкімшілендіруді жүзеге асырады. Қызметтерді көрсетуге жоспарланған шығындар сметаларын әзірлеу үшін бастапқы деректерді ұсынады;

3.4. Шарттардың орындалуына мониторинг жүргізеді және орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің актілерін, оның ішінде ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асырады.