ВАХТА ЕМЕС_ Өндірістік және кеңсе үй-жайларын тазалаушы (2-разряд), Инфрақұрылым бөлімі, Қызмет көрсету орталығы (2026 жылғы 3 қарашадағы № 48-12-10/4390 өтінім) — 1 бос орын, Усть қаласы

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
84

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Өндірістік және қызметтік үй-жайларды 2-разрядты жинаушы білуі қажет: - жеке қорғану құралдарын пайдалануға; - ылғалды жинау үшін учаске дайындау; - өндірістік үй-жайларды, дәліздерді, баспалдақтарды, оның ішінде өндіріс қалдықтарын, санитарлық тораптарды және қоғамдық дәретханаларды жинау бойынша жұмыстарды орындауға; - жуу және дезинфекциялау ерітінділерін дайындау; - себезгі бөлмелерін, киім ілетін орындарды және жалпы пайдаланылатын басқа да орындарды тазалау және дезинфекциялау; - жиналатын үй-жайларда санитария және гигиена ережелерін сақтауға; - жазатайым оқиға, денсаулығының кенеттен нашарлауы салдарынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге; - үй-жайларды, дәліздерді, баспалдақтарды жинауға; - жиһаз бен кілем жабындарындағы шаңды жою; - қолмен немесе машиналар мен құрылғылардың көмегімен қабырғаларды, едендерді, терезелерді және т.б. сыпыру және жуу; - қоқысты белгіленген жерге жинау және тасымалдау; - жуу құралдарын, құрал-саймандар мен сүрту материалдарын алу.

Білім:

Негізгі орта білімнен төмен емес

Дағдылар:

Өндірістік және қызметтік үй-жайларды 2-разрядты жинап-тазалушы білуі тиіс: - тазаланатын орындарды күтіп ұстау бойынша санитария және гигиена ережелері; - қызмет көрсетілетін жабдықтар мен айлабұйымдардың құрылысы және пайдалану тәртібі; - жинау тәртібі; - жуу және дезинфекциялау құралдарының мақсаты мен концентрациясы; - тазаланатын орындарды күтіп ұстау бойынша санитария және гигиена тәртібі; - санитарлық-техникалық жабдықтарды пайдалану тәртібі; Көрсетілген талаптардан басқа 2-разрядты өндірістік және қызметтік үй-жайларды жинап-тазалаушы білуі тиіс: - «ҮМЗ» АҚ-да қолданыстағы өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік актілерді талаптары; - «ҮМЗ» АҚ-да жұмыс істейтін менеджмент жүйесінің талабы; - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелері; - еңбек заңнамасының негіздері; - өндіріс экономикасының негіздері; - «ҮМЗ» АҚ басшылығының саясаты; - жұмыс нұсқаулықтары; - электр техникалық емес персонал үшін бірінші рұқсат тобы көлемінде электр қауіпсіздігі.

Қосымша:

1.4 Еңбек шарттың мерзімі/ауысу мерзімі: - белгісіз мерзімге; - 1 жылдан кем емес белгілі бір мерзімге (1 жыл) 1.5 Негізгі лауазымдық міндеттер - 1.6 Еңбек жағдайларының сипаттамасы - қалыпты еңбек жағдайлары; - дезинфекциялау заттары мен синтетикалық жуу құралдарының аэрозольдарының әсеріне байланысты зиянды еңбек жағдайлары; уытты, тітіркендіргіш, күйдіргіш заттардың аэрозольдері (хлорлы әк, синтетикалық жуу құралдары) 1.7 Жұмыс тәртібі және демалыс - 5 күндік жұмыс аптасында 7.30-дан 16.00-ге дейін, демалыс күндері сенбі және жексенбі күндері Демалыс түрлері (күнтізбелік күндермен): - негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы 24 күн - зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысы үшін жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы 6 күн 1.8 Болжамды еңбек ақы мөлшері: Грейд: 7 117 960 теңгеден 261 321 теңгеге дейін кәсіптік тестілеу нәтижесі өнеркәсіптің аралас салаларындағы тиісті жұмыс өтіліне байланысты есептелінеді. 1.9 Тағылымдама - кемінде күнтізбелік 30 күн мерзімге белгіленеді "ҮМЗ" АҚ-да қолданылатын еңбекақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: * мерекелік күндерге арналған сыйлықақылар жыл ішінде (Наурыз Мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, республика күні, атом саласы қызметкерлерінің күні 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); • жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақылар қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, бір жыл ішінде (1-ші лауазымдық жалақы дейінгі мөлшерде); * 2 лауазымдық жалақысы мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; * кірісті жыл сайынғы индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспайтын мөлшерде,бір айдағы жұмыс қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыйлықақы беру. Байланыс телефоны: +7777 147 55 05

Білетін тілдер:

-