«Қазпошта» АҚ « Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалының Фулфилмент және электрондық коммерцияны дамыту басқармалары бағыт жетекшісі – бас менеджері
«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
-
1) Фулфилмент және электрондық коммерция операцияларымен интеграциялауды қоса алғанда, қалалық логистиканы дамыту процесін үйлестіреді.
2) Соңғы миль бойынша жеткізу мерзімдерінің сақталуын бақылайды.
3) Жөнелтілімдерді клиенттерге жеткізу бойынша технологиялық схемаларды әзірлейді.
4) Облысішілік және қалалық маршруттар бойынша тасымалданатын көлемдерге талдау жүргізеді және болжам жасайды.
5) Қалалық логистика және фулфилмент бойынша құжат айналымын жүргізеді.
6) Жөнелтілімдерді клиенттерге жеткізу жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді.
7) Соңғы миль бойынша қолданыстағы жеткізу процесінің тиімділігіне талдау жүргізеді.
8) Қоғамның филиалдарында қалалық логистика мен фулфилментті дамыту үшін қажетті ресурстармен уақтылы және сапалы қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
9) Фулфилмент қызметтеріне клиенттерді іздеуді және тартуды жүзеге асырады, келіссөздер жүргізеді, коммерциялық ұсыныстар дайындайды, сондай-ақ шарттар жасасу және клиенттерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша мүдделі құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасайды.
10) Фулфилмент қызметтерін дамыту және клиенттерді тарту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және пысықтайды, оның орындалу мерзімдерін, жауапты орындаушыларын және күтілетін нәтижелерін айқындайды, жоспарды басшылықтың келісуіне ұсынады, бекітілген жоспардың іске асырылуын үйлестіреді және оның орындалу барысы туралы есептілікті дайындайды.
Талаптар:
-
Экономика және/немесе қаржы және/немесе заңтану және/немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе байланыс салалары бойынша жоғары білім.
-
Осы лауазымның қызмет бағыттарына сәйкес келетін салаларда және/немесе «Қазпошта» АҚ-да кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде басшылық лауазымда кемінде 1 жыл және/немесе «Қазпошта» АҚ-да төмен тұрған лауазымда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Шарттар:
-
Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.
Астана қ., Нарықбаев көш.2, Монолит БЦ
Ұқсас вакансиялар
Downstream жобалық кеңсесінің жетекші инженері ҚМГ Инжиниринг ЖШС (HSE ОСС) (аутстаффинг)
ҚМГ Инжиниринг | Жобалық жұмыс
| Астана қ.
09.11.2026 | 2440
Жазба хат-хабарламаларды өңдеу және баспасөзді экспедициялау учаскесінің (Астана қ.) бастығы
Филиал АО Казпочта Информационно-логистический центр «ЮГ» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
06.11.2026 | 247
Жазба хат-хабарламаларды өңдеу және баспасөзді экспедициялау учаскесінің (Астана қ.) бастығы
Филиал АО Казпочта Информационно-логистический центр «ЮГ» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
05.11.2026 | 286