«KEGOC» АҚ«Батыс ЖЭТ» филиалы Ғимараттар және үймереттерді жөндеу цехының шебері

Жалақы көрсетілмеген
"KEGOC" АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
346

   Конкурс туралы

                                               Бос жұмыс орыны

 

«KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы Ғимараттар және үймереттерді жөндеу цехы шебері

Негізгі лауазымдық міндеттері:

 

1) Ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйіне және күтіп-ұсталуына техникалық қадағалауды, олардың филиалдың мерзімінен бұрын тозуын болдырмау жөніндегі іс-шаралардың пайдаланылуын және жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;

2) Филиалдың жөндеу-құрылыс қызметі туралы жылдық есепті дайындауды және АД-ға тапсыруды ұйымдастырады;

3) Цехта "КЕGОС" АҚ стандарттары талаптарының орындалуын бақылайды;

4) бағынысты персоналдың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, "КЕGОС" АҚ, филиалдың еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік және ведомстволық қадағалау органдарының ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарына, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтарға, ішкі еңбек тәртібі қағидаларына, жеке еңбек шарттарына, БМЖ талаптарына сәйкес еңбекті қорғау талаптарын орындауын қамтамасыз етеді;

5) Цех жұмысының ағымдағы (айлық) жоспарларының жасалуына бақылауды жүзеге асырады және олардың орындалуын бақылайды;

6) филиалдың ғимараттары мен құрылыстарын жөндеуге және пайдалануға қызмет көрсетуге арналған жабдықтарға, материалдар мен қосалқы бөлшектерге жиынтық өтінімдер жасайды;

7) Филиал Цехі персоналының іссапар шығыстарына арналған жылдық шығындар жоспарының жасалуын және орындалуын бақылайды;

8) материалдар мен негізгі құралдарды жоспарлы есептен шығару және кіріске алу процесін бақылайды.

 

Талаптар:

Білім деңгейі : Жоғары / арнайы орта

 

Білім бейіні: Техникалық ғылымдар және технологиялар / Электр энергетикасы / құрылыс

 

Кәсіби сертификаттардың/сертификаттардың болуы: Мүмкіндігінше қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болуы

Тілдерді меңгеруі: Орыс, қазақ тілдерін жақсы менгеру.

Қажетті тәжірибе:

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білім болған кезде өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 1 жыл / арнаулы орта білім алған кезде өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл

 

Талап етілетін құзыреті және олардың деңгейі:

- Құрылыс,  қауіпсіздік техникасы ережелері саласындағы базалық дағдылар;

- Шешілетін міндеттер шеңберінде электртехникалық және анықтамалық әдебиеттерді пайдалана білу;

- Үнемі корпоративтік құндылықтар мен нанымдарды үнемі ұстануға ұмтылу;

- Командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық-ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу;

 

- Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этиканың басқа қағидаттарын қатаң сақтау).

ДК-мен жұмыс істеуге қажетті дағдылары/ арнайы бағдарламаларды білуі: MS office тәжірибелі пайдаланушысы

 

 

 Түйіндемені қабылдау 2022 жылдың 24 қаңтарға дейін жүргізіледі.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)