«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қостанай өндірістік филиалының Аулиекөл газ шаруашылығының директоры

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қостанай өндірістік филиалы Әулиекөл а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
184

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Құрметті үміткер! Біздің компанияға білдірген қызығушылығыңыз үшін алғыс айтамыз. Жұмыс вакансиясына жауап бермес бұрын, конкурсқа іріктеудің міндетті шарттарымен танысып шығуыңызды сұраймыз: Берілген деректердің (білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылар және т.б.) дұрыстығына жауапкершілік үміткердің мойнында. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысының жасалғаны туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы анықтама ұсыну қажет. Жеке кабинетіңіздегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз. Төменде жарияланған вакансиямен таныса аласыз.
Міндеттері:

  • Газ құбырлары мен олардың үстіндегі құрылыстардың үздіксіз, техникалық дұрыс пайдаланылуын және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және бақылау;
  • Тапсырма берілген кезде бағыныстыларға нақты нұсқаулар мен түсіндірмелерді қамтамасыз ету, уақыт, күш және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану үшін бағыныстылар арасында тапсырманы бөлу;

    Қызметті жоспарлау, газ шаруашылығының функциялары мен міндеттерін орындау бойынша тексеру жоспарларын және жұмыс кестелерін жасау;

    Газ желілерін күрделі жөндеу жобасын, капитал салымдарын, реконструкциялау және жаңғыртуды, орындалатын жұмыстар көлемі бойынша сметалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға қатысты газ құбырлары мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу жоспарын (негізгі құралдардың өсуіне әкелмейтін) (объектілерді күзгі-қысқы кезеңге дайындау бойынша) жасау үшін негіздемелік құжаттардың ұсынылуын қамтамасыз ету;

    Ай сайын газдың жоспарланған шығындары туралы есепке арналған технологиялық (өзіндік) қажеттіліктерге табиғи, мұнай ілеспе газының жоспарланған шығындарын есептеуді дайындау бойынша жұмысты басқару;

    6 Газбен жабдықтау инфрақұрылымын күрделі жөндеу және жаңғырту, сондай-ақ сервистік қызметтер көрсету бөлігінде (сынақтар жүргізу және газды іске қосу арқылы жаңадан салынған газ тұтынатын жүйелерді қосу, газбен жабдықтау жүйелері мен олардың құрылыстарын жобалау, газбен жабдықтау жүйелерін пайдалануға қабылдау, қолданыстағы газ тұтыну жүйелері объектілерін ажырату (қосу), газ есепке алу аспаптарын монтаждау (демонтаждау) және пломбылау) орындалуын қамтамасыз ету;

    Техникалық кеңеске қатысу, Филиалдың құрылымдық бөлімшелері директорларымен кеңестерге қатысу және хаттамалық шешімдерді орындау;
    Техникалық шарттарды беру үшін тапсырыс берушілер ұсынатын бастапқы құжаттардың сәйкестігін тексеру;

    Жобалау, монтаждық жұмыстарды орындау және газды тарату жүйесіне қосу үшін техникалық шарттарды дайындайды;

    ИС 1С «Техникалық шарттар» арқылы «Қосылу нүктесі туралы техникалық ұсынымды» негізге алып, ТҚ-ны белгіленген нысан бойынша әзірлейді.
    Тапсырыс берушінің өтініші негізінде жобалау үшін техникалық шарттарды дайындау;
    Тұрғын үйлерде газ құбырын монтаждаудың және газ жабдығын орнатудың орындалуын, атқарушылық-техникалық құжаттаманың толтырылуын (бұдан әрі – АТҚ) және газбен жабдықтау жүйелерін пайдалануға қабылдауды тексеру;

    Жұмыс жобаларын, атқарушылық-техникалық құжаттаманы қабылдауды, тіркеуді және мұрағаттауды қамтамасыз ету;

    Жер асты және жер үсті газ құбырларын монтаждау (демонтаждау) бойынша жұмысты басқару, газ реттегіш пунктін салу (бұдан әрі – ГРП), шкафтық газ реттегіш пунктін орнату (бұдан әрі – ШРП);

    Тұтынушылардың газ жабдықтары мен газ есепке алу аспаптарын монтаждау (демонтаждау) бойынша өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді қамтамасыз ету;

    Жаңадан салынған газ құбырларын қолданыстағы газ желілеріне қосу (тесу) бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

    Газды тұрғын үйлердің ішкі үйішілік газ жабдығына және пәтерлер қоныстанғанға дейін жаңадан енгізілетін үйлерге іске қосуды ұйымдастыру;

    Өндірістік-техникалық бөлімге газ учаскесі бойынша ТО шартымен қызмет көрсетілетін пайдаланылатын газ құбырлары, газ жабдығы бойынша ай сайынғы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз ету;

    Газ құбырларын тексеру нәтижелері мен ақаулық актілерін қалпына келтіру, КЖ және ТЖ қажет объектілерге жоспарларды жасау үшін өндірістік-техникалық бөлімге беруді ұйымдастыру;

    Жоғары, орта және төмен қысымдағы газ құбырларына және олардың үстіндегі құрылыстарға техникалық қызмет көрсету бойынша шарттардың жасалуын, табиғи газды тасымалдау қызметтерін ұсыну бойынша шарттардың, сондай-ақ газ шаруашылығы қызмет көрсету аймағындағы заңды және жеке тұлғалармен тауарлық газды бөлшек іске асыру шарттарының жасалуын бақылауды қамтамасыз ету;

Талаптар:

  • Жоғары білім – жоғары техникалық білім және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

  • Арнайы білім: өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша куәлік, БиОТ бойынша сертификат (Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау), ПТМ бойынша куәлік (Өрт-техникалық минимум)

Шарттар:

  • ҚР ЕК сәйкес ресімдеу;
  • Екі демалыс күні бар бескүндік жұмыс аптасы – сенбі және жексенбі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)