Метрология жөніндегі техник

493 690 - 493 690 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
252

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • уәкілетті орган ұсынған құқықтар шегінде бекітілген кестелерге сәйкес қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес кез келген күрделілік деңгейін өлшеу құралдарын тексеруді жүзеге асырады;
  • белгіленген мерзімде «ПМХЗ» ЖШС бекітілген объектілері бойынша өлшеу құралдарын Тексерудің жылдық кестесін дайындайды;
  • тексерудің айлық кестесін жасайды, оларды «ПМХЗ» ЖШС Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматикасына (бұдан әрі БӨАжәнеА) қызмет көрсететін, пайдаланатын және жөндейтін БӨАжәнеА ТП цехы учаскелерінің бастықтарымен келіседі;
  • тексерілетін аспаптарға паспорттарды, хаттамаларды, тексеру туралы сертификаттарды және жарамсыздығы туралы хабарламаларды ресімдейді;
  • өлшеу құралдарын тексеруге ұсынудың уақтылығын бақылайды;
  • кәсіпорынның өлшеу құралдарының, олардың қозғалысының жедел есебін жүргізеді, есепке алу үшін қажетті деректерді жүйелейді және өңдейді;
  • қажетті өлшеу сапасын қамтамасыз ету үшін технологиялық процестердің өлшеу құралдарымен жабдықталуын, олардың жай-күйін және дұрыс жұмыс істеуін талдайды;
  • метрологиялық тексерулер жүргізеді, анықталған кемшіліктер бойынша актілер жасайды, сондай-ақ метрологиялық тексеру бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары:

  • «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім;
  • жоғары білім болған жағдайда жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білімі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс;
  • жылу техникалық өлшеу құралдарын тексеру бойынша курстардан өту бойынша сертификаттардың болуы құпталады.

Білімі мен дағдылары:

  • теориялық және заңнамалық метрология негіздерін білу;
  • өлшеу принциптерін, өлшеу құралдарының түрлерін білу;
  • Windows және MS Office стандартты бағдарламалық жасақтамасын білу;
  • мемлекеттік және орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білу құпталады;
  • кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында III төмен емес электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобының болуы.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр