"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының жетекші бухгалтер персоналмен есеп айырысуларды есепке алуға қатысты, уақытша
Біліктілікке қойылатын талаптар
|
Білім деңгейі |
Жоғары |
|
Мамандығы |
Қаржылық және/немесе экономикалық және /немесе «Бухгалтерлік есеп және аудит» |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі |
Қаржы-бухгалтерлік саласында |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
1-санатты бухгалтер лауазымындағы жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
|
|
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
|
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар |
· ҚР Бухгалтерлік және салықтық есеп, қаржылық есептілік туралы заңнамасын білу; · Салалық заңнаманы білу; · Салық органдарының және басқа да бақылаушы органдардың тексерулерінен өту тәжірибесінің болуы; · Дәлдік пен зейінділік; · Командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық және коммуникативтілік-ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу; · Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау); · Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара әрекеттесу тәжірибесінің болуы.
|
|
Лицензиялар, сертификаттар |
Қадағаланатын қызмет бағыттары бойынша төмендегі сертификаттардың кемінде біреуінің болуы құпталады: DipIFR, CAP немесе ҚР Кәсіби бухгалтері. |
|
Қосымша талаптар |
· Microsoft office Word, Microsoft office Excel, Microsoft office Outlook, IBM Notes тәжірибелі пайдаланушысы, кеңсе периферияларын (принтер, факс, сканер) қолдана білу; интернет ресурстарын пайдалану дағдыларына ие болу · қазақ, орыс тілдерін білу. |
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) Филиал қызметкерлерінің еңбекақысын есептеу бөлігінде персоналмен өзара есеп айырысулардың бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмыстарды орындайды;
2) бухгалтерлік есептің сеніп тапсырылған учаскесі бойынша операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында сапалы және уақтылы көрсетеді;
3) "KEGOC"АҚ-ның қолданыстағы ережесіне сәйкес демалыстар, сыйлықақылар және өзге де сыйақылар резервін есептейді;
4) Филиал қызметкерлеріне жалақыны есептеу және басқа да төлемдер мен олардан ұстап қалу мәселелері бойынша қызметкерлерге анықтамалар береді;
5) Филиал қызметкерлерінің жалақысы мен ЕТҚ-нан есептелетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер мен жарналардың дұрыс ұсталуын қамтамасыз етеді және ол үшін жауапты болады;
6) Филиал бойынша бұйрықтарға, атқару парақтарына және филиал қызметкерлерінің жалақысына қатысты басқа да құжаттарға сәйкес жалақыдан ұсталымдар жүргізеді;
7) қаржылық есептерді толтыру үшін МВЗ және есептелген жалақы және әлеуметтік салық бойынша қаржылық позициялар бөлінісінде талдамалық есепке алуды жүргізеді;;
8) Филиал қызметкерлерінің жалақысы бойынша дербес шоттарын рәсімдейді;
9) тоқсан сайын еңбек жөніндегі есепті дайындайды;
10) Жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік және өзге де аударымдар мен жарналар бойынша салық тіркелімдерінің дұрыс қалыптастырылуын тексереді;
11) әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге, бюджеттен тыс қорларға (зейнетақы қоры, міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры және міндетті медициналық сақтандыру қоры және т. б.) салықтарды аудару үшін кредиторлық берешекті қалыптастырады.;
12) бухгалтерлік есептің тиісті учаскесі бойынша филиалдың қаржы-шаруашылық қызметін талдау үшін тікелей басшыны салыстырмалы және анық бухгалтерлік ақпаратпен қамтамасыз етеді;
13) бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;
14) жетекшілік ететін есепке алу учаскесі бойынша жыл сайынғы жоспарлы түгендеу жүргізуге қатысады;
15) бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысулардың есебін жүргізеді және оларға талдау жасайды, филиалдар арасындағы айналымдарды есепке алады, сондай-ақ жауапты есеп учаскесі бойынша салыстыру актілерін келіседі;
16) филиалдың атқарушы дирекциясы мен құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша жетекшілік ететін есепке алу учаскесі бойынша ақпарат береді;
17) қаржылық есептілікті жасау үшін тиісті бухгалтерлік есеп учаскесі бойынша деректерді уақтылы дайындайды;
18) Филиалдың құрылымдық бөлімшелерін персоналмен есеп айырысуды есепке алу жөніндегі бухгалтердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік және консультациялық көмекпен қамтамасыз етеді;
19) тікелей басшысының жекелеген қызметтік тапсырмаларын орындайды;
20) өзінің жұмыс орнын тәртіпте ұстайды. Жұмыс барысында ақаулы есептеу техникасын пайдаланбайды, компьютермен жұмыс істеу кезінде электр сымдарының жай-күйін қадағалайды, жұмыс күнінің соңында электр аспаптары мен электр жабдықтарын сөндіреді.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр