Алматы желілік-өндірістік басқармасының Көлік қызметінің жүк автокөлігінің жүргізушісі (Қаскелен) қ.)
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» магистральдық газ құбырлары басқармасы Қаскелең қ.Міндеттері:
қызмет көрсетілетін автомобиль агрегаттары, механизмдері мен аспаптарды қолдану, құрылымы, жұмыс істеу принципі;
ақаулардың белгілері, пайда болу себептері, оларды анықтау және жою тәсілдері;
автомобильге техникалық қызмет көрсету жұмыстарының көлемі, мерзімділігі және орындалу тәртібі;
автомобильдің жөндеуаралық жүрісін арттыру тәсілдері; автомобиль шиналарының жүріс қашықтығын және аккумулятор батареяларының қызмет ету мерзімін ұзарту жолдары;
далалық жағдайда автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру ерекшеліктері;
тез бұзылатын және қауіпті жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі; мамандандырылған автомобильдердің арнайы жабдықтарын пайдалану ережелері;
радиобайланыс құралдарын пайдалану тәртібі; қалааралық тасымалдауды ұйымдастыру ерекшеліктері; жол жүру құжаттарын толтыру тәртібі;
жүк автомобильдері мен арнайы техниканы сенімді басқару, орнатылған арнайы жабдықтармен жұмыс істеу (АМГ, автоцистерна, КМУ, тартқыш және т.б.);
күнделікті техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу, линияда туындаған ақауларды жою, далалық жағдайда реттеу жұмыстарын орындау;
жүкті тиеуді, орналастыруды және бекітуді бақылау; жол жүру құжаттарын рәсімдеу, еңбек және демалыс режимін сақтау.
Талаптары:
Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидалары;
Автомобиль көлігімен жүктерді (оның ішінде қауіпті және ірі габаритті жүктерді) тасымалдау қағидалары;
Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (жүк көтергіш механизмдері бар арнайы техника үшін) — 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығы;
Жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидалары;
Тахографтармен жабдықталған көлік құралдарына жұмысқа орналасу кезінде тахографқа арналған жүргізушінің жеке цифрлық картасының (жүргізуші картасының) болуы;
Қауіпті жүктерді тасымалдауға байланысты жұмысқа орналасу кезінде (ДОПОГ) тиісті қауіптілік класы бойынша жүргізушінің қолданыстағы даярлықтан өткенін растайтын куәлігінің (ДОПОГ куәлігінің) болуы.
Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде (КҚББЖ) жұмыс істеу тәртібі, жол парақтарын рәсімдеу;
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның автокөлік құралдары мен арнайы техниканы пайдалану жөніндегі ішкі нормативтік құжаттары;
«В, С» (қажет жағдайда «D», «Е») санаттарындағы жүргізуші куәлігінің болуы.
Біліміне қойылатын талаптар:
Жалпы орта білім, белгіленген арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өту және өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге рұқсатының болуы.
Қызмет бағыты бойынша жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Берілетін біліктілік разрядына сәйкес болуы тиіс. «В, С» (қажет жағдайда «D», «Е») санаттарындағы жүргізуші куәлігінің және жүк көлік құралдарын басқару өтілінің болуы.
Ұқсас вакансиялар