Механикаландыру және көлік қызметінің жүргізушісі

«У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электростанциясы» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
61

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • еңбек тәртібін сақтау;
  • жол қозғалысы ережелерін сақтау;
  • автомобиль көлігімен жүктерді, жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерін сақтау;
  • жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындау;
  • арнайы киімді, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын мақсатына сай қалай қолдануды білу;
  • жұмыс уақыты мен демалыс уақыты туралы ережені білу;
  • қауіпсіздік техникасы ережелерін, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін және кәсіпорынның желісі мен аумағында жұмыс істеген кезде техникалық пайдалану ережелерін сақтау;
  • тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету шараларын және жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін жоғары деңгейде ұстау;
  • кәсіби білімдері мен дағдыларын жүйелі түрде арттыру және жетілдіру; өз автомобилін таза ұстау, сондай-ақ ГЭС аумағында тазалықты сақтау; зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсете білу;
  • өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, ЖКО жағдайында, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде дереу өзіңіздің тікелей басшыңызға хабарлау;
  • табиғи апаттар және басқа да төтенше жағдайлар кезінде өз әрекеттерін білу;
  • Жолға шығар алдында жүргізуші автомобильдің техникалық күйін тексеруге міндетті. Тежегіштердің, руль басқаруының, жарықтандырудың, дыбыстық сигналдың, әйнек тазалағыштың дұрыс жұмыс істеуіне, аккумулятордың күйі мен жарамдылық дәрежесіне, кузовтың борттық бекітпелерінің ақаусыздығына, тіркемемен ілінісу механизмінің ақаусыздығына (болған жағдайда), сақтандыру тросының бар-жоғына, тежегіш сұйықтығының, отынның, салқындатқыш сұйықтықтың және майдың ағуының жоқтығына, шиналардағы қысымға ерекше назар аудару қажет. Барлық анықталған ақаулар туралы уақытында СМиТ басшысына және механикке хабарлау.

Талаптар:

  • Жүргізуші орта кәсіптік-техникалық білімге, жүргізуші куәлігіне ие болуы және жүргізу өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс


Жағдайлар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы 
  • тұрғын үй беру