Ақпаратты өңдеу жөніндегі маман Ақпараттық-технологиялар орталығының іс жүргізуді басқару бөлімі
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
Негізгі лауазымдық міндеттер «ҮМЗ» АҚ орталық аппараты қызметі/бөлімшесі басшысының (бұдан әрі мәтінде – басшы) әкімшілік-өкімдік қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Басшының жұмыс орнын ұйымдастыру техникасының қажетті құралдарымен, кеңсе және өзге де керек-жарақтармен қамтамасыз етеді, басшының тиімді жұмысына ықпал ететін жағдайлар жасайды. Басшының қарауына келіп түскен хат-хабарларды қабылдайды, қабылданған шешімге сәйкес құрылымдық бөлімшелерге немесе жұмыс немесе орындау процесінде қолдану үшін нақты орындаушыларға береді. Бөлімшелерден және (немесе) орындаушылардан басшыға қажетті мәліметтерді сұратады. Басшыға телефон арқылы келіссөздер ұйымдастырады. Телефонограммаларды қабылдайды және жібереді, қабылдап алған телефонограммалар мен хабарламалардың мазмұнын басшыға жеткізеді. Басшының жұмысына қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды. Басшы өткізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау бойынша жұмысты жүзеге асырады (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды уақыты, орыны, күн тәртібі туралы хабардар Еңбек жағдайларының сипаттамасы етеді), хаттамаларды жүргізеді және ресімдейді. Келушілерді қызметтік этиканы сақтаумен қабылдауды ұйымдастырады. Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес іс қағаздарды жүргізеді. Құжаттаманың сақталуын және қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бөлімше жұмыскерлерін құжаттармен уақтылы таныстыруды қамтамасыз етеді. Лауазымдық міндеттерін орындау кезінде пайдаланылатын жұмыскерлердің дербес деректерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бөлімше жұмыскерлерімен бұйрықтар мен өкімдердің орындалуын, сондай-ақ бақылауға алынған тапсырмалар мен басшының нұсқауларын орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Бөлім жұмыскерлерінен басшыға қол қоюға құжаттарды және жеке өтініштерді қабылдайды. Басшының тапсырмасы бойынша хаттар, сұраулар жасайды, хат авторларына жауап дайындайды. Басшының нұсқауы бойынша жұмысы үшін қажетті қызметтік құжаттарды ресімдейді. Бөлімше жұмыскерлерінің өтініштерін, ұсыныстары мен шағымдарын қараудың жеделдігіне жәрдемдеседі. Ішкі құжаттаманы басқаруға қатысады (өз құзыреті саласында). Менеджмент жүйесінің аудиттерін дайындауға және өткізуге қатысады (өз құзыреті саласында). Жоғары тұрған басшылықтың және өзінің тікелей басшысының бұйрықтарын, өкімдерін, қызметтік тапсырмалары мен нұсқауларын орындайды. Режимдік талаптарды, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және нысанішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау жөніндегі талаптарды сақтайды. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережелерін сақтайды. ОПБиОТ РД №14.025 сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған талаптарды сақтайды.Білім:
Жоғары, орта техникалық және кәсіптікДағдылар:
ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасының басқа да құралдарын пайдаланушы деңгейінде білуіҚосымша:
Лауазымдық жалақы/грейд мөлшері Грейд 10.4 – 188 016 теңгеден 389 871 теңгеге дейінБілетін тілдер:
-Қажетті қабілеттер
- Владение ПЭВМ и другими средствами оргтехники на пользовательском уровне
Ұқсас вакансиялар
Режимдік-құпия бөлімнің инспекторы Үлбі жобалау-конструкторлық институтының
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Жартылай қамтылу
| Өскемен қ.
16.11.2026 | 118
Жиынтық талдау департаментінің менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
16.11.2026 | 499
Әкімшілік департаментінің менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
16.11.2026 | 486