Теңіз жобасы басқармасының Теңіз жобасы департаменті, Ірі мұнай-газ жобалары департаменті өндірістік мәселелер және жобалар секторының жетекші маманы (күдік)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.Білім деңгейі: Бакалавр
Білім беру бейіні: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, инженерлік іс (органикалық заттардың химиялық технологиясы)/ мұнай-газ саласындағы инженерлік іс.
- лауазым бейіні/менеджмент/экономика/қаржы/МВА бойынша тиісті бейінге магистр дәрежесінің болуы (қажет болса).
Сертификаттардың болуына қойылатын талаптар: Технологиялық процестерді модельдеу саласындағы сертификаттардың болуы (HYSIS), технологиялық жобаларды жобалауды басқару саласындағы сертификаттардың болуы (қажет болса).
Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі: мұнай-газ саласындағы ірі (халықаралық) компанияларда кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі.
Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы саласындағы тәжірибе; зауыттық және кеніштік нысандарды пайдалану саласындағы тәжірибе; күрделі жобаларды және күрделі шығындарды басқару бойынша тәжірибе.
Міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:
- зауыттардың технологиялық процесі бойынша білім мен дағдылар, жабдықтың жұмыс істеуінің оңтайлы режимдері, өнім сапасын бақылаудың негізгі әдістері;
- қолданыстағы зауыттық нысандар бойынша технологиялық құжаттаманы жүргізу;
- зауыттық нысандардың өндірістік жай-күйі туралы басшылыққа уақтылы есеп дайындау;
- өндірістің технологиялық тоқтатуларын талдау дағдылары: ықтимал себептер мен салдарды сипаттау;
- кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді білу;
- өндірістік процестердің тиімділігін арттыру және оңтайландыру жолдарын іздеу дағдылары;
- экологиялық заңнаманың негіздерін, еңбек заңнамасының негіздерін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын білу;
- тиімді презентация жүргізу және бизнеспен коммуникация құру дағдылары;
- ақпараттық жүйелерде түсіну және жұмыс істеу дағдылары;
- Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу дағдылары; ағылшын тілін меңгеру (Intermediate деңгейден төмен емес), мемлекеттік тілді меңгеру (B1 деңгейден төмен емес) және/немесе орыс тілін меңгеру,
Функционалдық міндеттер:
Теңіз жобасын басқару
1.1. Теңіз жобасы бойынша даму жоспарын әзірлеу
1.1.1. Теңіз жобасының өндірістік көрсеткіштерін болжау бөлігіндегі стратегиялық бастамалар бойынша деректерді КМГ-ның жалпы стратегиясына енгізеді.
1.1.2. КМГ Даму жоспары шеңберінде мұнай мен газ өндіру бойынша деректерді консолидациялау үшін КМГ-ның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, КМГ Басқармасы мен Директорлар кеңесіне арналған материалдарды дайындау үшін;
1.1.3. Теңіз жобасы бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шараларға арналған стратегиялық бастамалар үшін газ бен күкірт бойынша өндірістік деректерді өзектендіреді және консолидациялау үшін КМГ стратегиясына енгізеді;
1.1.4. Теңіз жобасы бойынша КМГ стратегиясы үшін стратегиялық деңгейдегі өндірістік тәуекелдер тізілімін қалыптастырады және өзектендіреді;
1.1.5. Өндіру бойынша модельге нақты деректерді енгізеді, мұнай өндіру бойынша болжамдық деректерді модельдейді, графиктерді құрады және басқа құрылымдық ұйымдар немесе КМГ бөлімшелерінің сұрау салулары бойынша ТШО бойынша өндірісті талдайды.
1.2. Актив бойынша өсу жоспарын нақтылау
1.2.1. Теңіз жобасы бойынша ұзақ мерзімді өндірістік жоспарларды НК КМГ стратегиясына сәйкестігі тұрғысынан талдайды;
1.2.2. КМГ-ның деректерін консолидациялау үшін Теңіз жобасы бойынша өндірістік тәуекелдер тізілімін қалыптастырады және өзектендіреді.
1.2.3. Басшылыққа арналған тоқтатулар мен күрделі жөндеулер бойынша күтілетін тәуекелдерді көрсете отырып, өндіріс болжамдары бойынша өндірістік модельді құрастырады. ТШО-ның жоспарлы күрделі жөндеулері бойынша жұмысты үйлестіреді, өндіріс жоғалтулары бойынша барлық хабарламаларды жинайды және КМГ-ның басқа департаменттерінің сұрау салуларына байланысты жыл сайынғы өндірістік тәуекелдерді талдайды.
1.3. Актив қызметін тексеру және келісу
1.3.1. Басшылыққа арналған негізгі ұсынымдарды әзірлеу және КМГ ұстанымын одан әрі келісу үшін ТШО-ның жұмыс бағдарламасын және жылдық бюджетін талдайды. Техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау және бекітілген пайдалану шығыстары бюджетінің орындалуын бақылауды және мониторингті жүзеге асырады, газ балансына талдау жүргізеді, өндірістік болжам жасайды. Басшылыққа арналған ұсынымдар мен қорытындыларды дайындайды.
1.3.2. Қолданыстағы жабдықты реконструкциялау және жаңғырту бойынша ТШО іс-шараларының орындалуын, өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерінің алдын алуды, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануды, қауіпсіз еңбек жағдайларын құруды және ТШО өндірісінің техникалық мәдениетін арттыруды бақылайды. Мониторинг нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсынымдар дайындайды.
1.3.3. КТЛ техникалық қызмет көрсетудің орындалуын, ЗСГ/ЗВП және бекітілген бюджет пен пайдалану шығыстарының орындалуын бақылайды, зауыттардың газ балансына талдау жүргізеді, өндірістік болжам жасайды.
1.3.4. Зауыттардың техникалық қызмет көрсетуін басқарудың тиімділігін арттыру, зауыттық нысандар мен жабдықтың сенімділік деңгейін қамтамасыз ету бағдарламаларын орындау, қолданыстағы өндірістің технологиясын жақсарту, өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша ТШО-ға арналған ұсынымдарды дайындауға жауап береді.
1.3.5. Өндірістік шығындардың алдын алу және қаражатты ұтымды жұмсау мақсатында ТШО басшылығына ұсынымдар дайындау үшін ТШО жобалары бойынша Консультативтік комитет отырыстарында КМГ мүдделерін білдіреді;
1.3.6. Өндірісті оңтайландыру бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді, өндірісті оңтайландырудың барлық процестерін кезең-кезеңімен енгізу мониторингін жүргізеді.
1.4. Актив жоспарын іске асыруды қолдау
1.4.1. Шарттық стратегия сұрау салулары бойынша, зауыт нысандарын және сыртқы нысандарды жаңғырту бойынша өндірістік іс-шаралар бойынша ұсыныстар әзірлейді. Жұмыстар нәтижелері бойынша аналитикалық жазбалар мен қорытындылар және/немесе есептер әзірлейді.
1.4.2. «Зауыттың қолданыстағы нысандары және кеніш» баптары бойынша шығындарды талдайды. Басшылыққа шығындарды оңтайландыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар береді.
1.4.3. Қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау мәселелерін қоса алғанда, ТШО-ның шарттық міндеттемелерінің орындалуын мониторингтейді, ТШО-ның шарттық міндеттемелерін орындау бойынша КМГ ұстанымы бойынша ұсынымдар дайындау мақсатында.
1.4.4. КМГ Басқармасы мен КМГ Директорлар кеңесінің қарауына шығару үшін шарттық стратегияларды бекітуге арналған сұрау салулар бойынша материалдарды дайындау және келісу.
1.5. Сараптамамен алмасу және оқыту
1.5.1. НК КМГ бөлімшелері, серіктестер және ТШО арасында тәжірибе беру және алмасу бойынша ТШО-ға сапарларды, конференцияларды, техникалық кеңестерді ұйымдастырады;
1.5.2. НК КМГ, серіктестер және операциялық компания арасында құзыреттерді, сараптаманы және тәжірибені беру және алмасу бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
1.6. Актив нәтижелерін мониторингтеу және бақылау
1.6.1. ТШО-ның қаржы-шаруашылық қызметінің өндірістік көрсеткіштері бойынша уақтылы есеп ұсынуға жауап береді;
1.6.2. ТШО және КМГ-ның табысты қызметіне бағытталған ТШО Қатысушылары арасында өндірістік-техникалық және ақпараттық кеңестерді дайындауды, ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді.
1.6.3. Жүргізілген/жоспарланған зауыт күрделі жөндеулерінің көрсеткіштері, газ балансы бойынша анықтамалық, аналитикалық есептерді, сондай-ақ КМГ басшылығы мен КМГ-ның басқа құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салулары бойынша зауыттың жоспардан тыс тоқтатуларын талдауды құрастырады.
1.6.4. Зауыт қондырғылары мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету мәселелері бойынша КМГ-ның басқа құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салулары бойынша ақпарат ұсынуға жауап береді, ТШО жобалары бойынша техникалық аудиттерге қатысады.
1.6.5. КМГ басшылығы мен мемлекеттік органдарға проблемалық мәселелер бойынша (қажет болғанда және проблемалық сұрақтар туындаған кезде) жобалар бойынша ақпаратты (анықтамалар, аналитикалық жазбалар, баяндамалар, презентациялар) дайындауға жауап береді.
1.6.6. ТШО шикізаты негізінде ҚР-да мұнайхимияны дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіреді және мемлекеттік мекемелерден және басқа да тәуелді ұйымдардан келіп түсетін сұрау салуларға қарай басшылыққа арналған материалдарды дайындайды;
1.6.7. Блок ішіндегі басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, КМГ мүдделеріне қатысты маңызды проблемалар мен өзекті мәселелер бойынша жоспарлар әзірлейді.
1.6.8. Негізгі өндірісті қолдауға арналған күрделі жобаларды қаржыландыруға ТШО сұрау салуларын сараптауды жүзеге асыруға және сұралған қаражаттың негізділігін талдауға, ұсынымдар дайындауға және КМГ ұстанымын қалыптастыруға жауап береді.
1.6.9. Қажетті ақпаратты тікелей басшыға дайындау үшін өндіріс тобының құрамында жұмыс істейді, сондай-ақ ТШО және ТШО бойынша Серіктестерге қатысты қандай да бір ақпарат пен материалдарды алу үшін КМГ-ның басқа құрылымдық бөлімшелеріне толық қолдау көрсетеді.
1.6.10. Жұмыстар нәтижелері бойынша аналитикалық жазбалар, қорытындылар және/немесе есептер дайындайды.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)