Корпоративтік қауіпсіздік департаментінің директоры

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
1765

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Құрметті үміткер!

Біздің компаниямызға білдірген қызығушылығыңыз үшін алғыс айтамыз.

Вакансияға жауап бермес бұрын, конкурсқа іріктеудің міндетті шарттарымен танысып шығуыңызды сұраймыз:

  1. Берілген деректердің (білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылар және т.б.) дұрыстығына үміткер жауап береді.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы анықтама ұсыну қажет.
  1. Өтінеміз, жеке кабинетіңіздегі тиісті хабарламаларды қадағалаңыз.
  2. Төменде жарияланған вакансиямен таныса аласыз.

Міндеттері:

  • Қоғамның меншігін, экономикалық және өзге де мүдделерін қорғау мақсатында Қоғамның тікелей интеграцияланған қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ өндірістік филиалдармен (бұдан әрі – ӨФ) өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;

    Қоғам мен ӨФ-тың тұрақты дамуы үшін ақпараттық, экономикалық, ішкі және физикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша нақты және ықтимал қауіптерді анықтау мен бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;

    ДКБ қызметін жоспарлауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

    Қоғамның меншікті, экономикалық және өзге де мүдделерді қорғау жөніндегі корпоративтік талаптарының орындалуын ұйымдастыру және бақылау;

    Қоғам мен ӨФ-тың экономикалық, ішкі, физикалық және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйіне талдау жүргізуді ұйымдастыру;

    Экономикалық, ішкі, физикалық және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы процестерді бақылауды жүзеге асыру және басқару;

    ДКБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның ішкі реттеуші құжаттарын әзірлеуге және келісуге қатысу;

    Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен ӨФ-тың қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттардың, өкілеттік шеңберінде орындалатын функционалдық міндеттерге сәйкестігін айқындау жөніндегі қызметті ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру, сондай-ақ ВНД-ға өзгерістер енгізу туралы ұсынымдар беру;

    Өндірістік филиалдарда (бұдан әрі – ӨФ-дегі КБ қызметкерлері) корпоративтік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру;

    Бас директордың тапсырмасы бойынша Қоғамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер/әрекетсіздіктер жасау фактілері бойынша, сонымен қатар тәртіптік теріс қылықтар жасау және іскерлік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша белгіленген тәртіппен ішкі тексерулер мен қызметтік тергеулерді ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша қызметтік тергеу жүргізетін тиісті комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу.

    Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне және ӨФ-қа жіберілетін қызметтік тергеу қорытындысының негіздемелік бөлігіне қатысты нұсқамалардың, ұсынымдардың және бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын ұйымдастыру және бақылау;

    Бас директордың тапсырмасы бойынша Қоғамның атқарушы органы, өкілдік, ӨФ-қа корпоративтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы олардың қызметінің әртүрлі аспектілерін бақылауды жүзеге асыру, нарықтық экономика жағдайларында дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, ресурстардың сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету, қаржылық-шаруашылық қызметтегі тәуекелдерді барынша азайту мәселелері бойынша консультация беру;

    Физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қоғам мен ӨФ тартатын күзет қызметі субъектілерінің шарттар жасалған шеңберінде белгіленген тәртіппен жұмысын бақылауды ұйымдастыру және үйлестіру;

    ДКБ қызметкерлерінің Қоғамда құқық қорғау, арнайы, мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулерге қатысуын қабылдау бойынша ұйымдастыру және келісу, тексерушілердің іс-әрекеттерінің негізділігі мен объективтілігіне қатысты жоғары тұрған ұйымның бағалауы бойынша;

    ДКБ атқарған жұмысы туралы есептерді, анықтамаларды дайындауды ұйымдастыру және оларды Бас директорға келісу және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ұсыну;

    Бас директорды дереу хабардар етуі мүмкін елеулі ақпаратты құрауы ықтимал мәліметтердің болуы туралы, сондай-ақ әлеуметтік ахуалдың жай-күйі және оны тұрақсыздандыруы мүмкін ықтимал қауіптер, Қоғам, ӨФ қызметкерлері тарапынан наразылық білдіру көріністері және азаматтар тарапынан ықтимал қауіптер туралы мониторинг жүргізу, қажетті материалдарды жинау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

    ИСМ талаптарына, Қоғамның корпоративтік қауіпсіздік департаменті туралы ережесіне сәйкес Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелерімен және ӨФ-мен, өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

    Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде, өз құзыреті шегінде, АО «Самұрық-Қазына» Қорының бейінді департаменттері мен басқармаларымен, АО «НК «QAZAQGAZ», құқық қорғау, сот және арнайы органдармен, сондай-ақ күзет агенттіктерімен және басқа да корпоративтік серіктестермен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

    Ақпараттық технологиялар департаментінің бағдарламалық және техникалық кешендердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бөлігіндегі, Қоғамның ақпаратын қорғауға бағытталған, ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің талаптарын сақтау, Интернет ресурстарын мақсатты пайдалану, Қоғам мен ӨФ-да ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін анықтау және оларға уақтылы ден қою бөлігіндегі жұмысын үйлестіру.

    Шарттары:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресімдеу;
  • Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы – сенбі және жексенбі.