Өнімдер бөлімінің бас бизнес-аналитигі, Тарифтер және өнімдер департаменті

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
404

   Конкурс туралы
  • Міндеттері:

  • Қоғамның корпоративтік сегменті үшін өнімдік портфельді қалыптастыру және дамыту.
  • ИКТ өнімдерін іске асыру бойынша жоспарлар мен жоспар-кестелерді әзірлеу.
  • Өнім желісін стратегиялық тұрғыдан позициялау үшін SWOT-талдау жүргізу.
  • Нарықты, мақсатты клиенттердің қажеттіліктерін және мінез-құлықтық үрдістерін талдау.
  • ИКТ өнімдері бойынша техникалық тапсырмалар, техникалық шешімдер, өнім каталогтары және өзге де құжаттаманы әзірлеу.
  • Өнімнің сатылымын, шығындарын және пайдалылығын талдау, шығындарды оңтайландыру және түсімді өсіту мүмкіндіктерін анықтау.
  • Мақсатты маржиналдылыққа қол жеткізу және нарықта ИКТ өнімдерінің позициясын нығайту үшін баға белгілеу стратегиясын әзірлеуге қатысу.
  • Өнім мен Компания талаптарына сәйкестігін бағалай отырып, серіктестер мен жеткізушілерді талдау және іріктеу, негізгі контрагенттермен тиімді өзара іс-қимылды жолға қою.
  • Контрактілерді әзірлеуге және сүйемелдеуге қатысу, ынтымақтастық шарттарын пысықтау және компоненттер мен қызметтерді жеткізуге шарттар жасасу.

Жеке құзыреттер:

Аналитикалық және жүйелік ойлау, бизнес-нәтижеге бағдарлану, бастамашылдық, дербестік, жауапкершілік, дамыған коммуникациялық және презентациялық дағдылар, өз ұсыныстарын дәлелдей білу және кросс-функционалдық командада тиімді жұмыс істеу.

Шарттар:


Толық жұмыспен қамту.
Астана қ., «Москва» БЦ.
Іссапарға бару мүмкіндігі.
Оқыту және даму.
Кеңейтілген әлеуметтік пакет.
Мансаптық және кәсіби өсу мүмкіндіктері. 
Талаптар:

Техникалық немесе экономикалық жоғары білім.
Телекоммуникация саласында немесе сәйкес бейін бойынша жұмыс өтілі — кемінде 5 жыл.
Толық жұмыспен қамту;
Еңбек демалысына материалдық көмек; КПД нәтижелері бойынша жартыжылдық және жылдық төлемдер;
Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктер; ерікті медициналық сақтандыру (ДМС);
Корпоративтік оқыту және кәсіби даму мүмкіндіктері;
Компанияның корпоративтік іс-шараларына және ішкі бастамаларына қатысу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр