«KEGOC» АҚ Коммуникациялар қызметінің менеджері (сыртқы конкурс)

от 461 700 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
62

Қаралған саны:
905

   Конкурс туралы

Негізгі қызметкер болмаған кезеңге арналған уақытша бос лауазым.

Лауазымдық міндеттері:

  1. «KEGOC» АҚ-да тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған жоспарлар мен бағдарламалардың орындалуына қатысу;
  2. «KEGOC» АҚ басшылығы атынан құттықтау мәтіндерін дайындауға қатысу;
  3. Құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы көрмелер мен семинарларда «KEGOC» АҚ-ның имидждік экспозицияларын дайындау процесіне қатысу;
  4. Қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелер арасында өзекті ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін ішкі коммуникацияларды әзірлеу және қолдау;
  5. SAP жүйесіне деректерді енгізу;
  6. PR іс-шараларын өткізу бойынша жеткізушілермен шарттық жұмыстарды ұйымдастыру;
  7. Мердігерлердің шарттық міндеттемелерді орындауын бақылау;
  8. PR іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
  9. Компанияның имиджін арттыруға бағытталған PR іс-шараларының тұжырымдамасы мен жоспарын әзірлеу;
  10. Бейнематериалдарды өндіру және басқару жұмыстарын жүзеге асыру;
  11. Компанияның имидждік бейнероликтерінің сценарийлері мен тұжырымдамаларын әзірлеу;
  12. Бейнематериалдарды өндіру процесін (сценарий әзірлеуден бастап соңғы монтажға дейін) үйлестіру;
  13. Материалдарды басшылықпен бірлесіп келісу және оларды әртүрлі коммуникация арналарына бейімдеу;
  14. PR қызметтерін сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру, PR қызметтерін сатып алуға арналған техникалық ерекшелікті әзірлеу және келісу;
  15. «KEGOC» АҚ ішкі құжаттамасында белгіленген талаптарға сәйкес іс жүргізуді қамтамасыз ету;
  16. Қызмет қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін толтыру.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Жоғары білім: журналистика, қоғаммен байланыс (журналистика және ақпарат), әлеуметтану (әлеуметтік ғылымдар), маркетинг (бизнес және басқару), лингвистика (тілдер мен әдебиет) бағыттары бойынша;
  • Қоғаммен байланыс немесе журналистика саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • PR, жарнама, маркетинг және әлеуметтану бағыттары бойынша қосымша білімінің болуы құпталады;
  • MS Office, графикалық және презентациялық бағдарламаларды еркін меңгерген тәжірибелі пайдаланушы болуы;
  • Қазақ және орыс тілдерін білуі, ағылшын тілін меңгеруі құпталады.

 

Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті дағдылар:

 

  • Әртүрлі сыртқы және ішкі мүдделі тараптармен (мемлекеттік органдар, кәсіподақ ұйымдары, өндірістік алаңдар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) өзара іс-қимыл жасау дағдылары;
  • Медиа және PR агенттіктерімен жұмыс тәжірибесінің болуы, қоғаммен байланыс және коммуникациялар саласындағы ұйымдармен өзара қарым-қатынас орнату, дамыту және қолдау қабілетінің болуы құпталады;
  • Компания үшін маңызды мамандандырылған және мемлекеттік іс-шараларға қатысу тәжірибесінің болуы;
  • Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).

 

Түйіндемелер 2026 жылғы 20 қарашаны қоса алғанға дейін қабылданады.

Қажетті қабілеттер

  • PR

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр