Жетекші менеджер Жеткізушілерді алдын ала біліктілік іріктеу департаменті (негізгі қызметкердің уақытша болмауына байланысты ауыстыру кезеңіне)

«Самрук-Казына Контракт» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
285

   Конкурс туралы

Міндетті:
·         экономика және бизнес және/немесе құқық және/немесе техникалық ғылымдар саласындағы жоғары білім (бакалавриат деңгейі);

·         аудит саласында немесе сапа менеджментінде немесе мемлекеттік органдарда кемінде 4 (төрт) жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы немесе көрсетілген талаптардың жиынтығы бойынша кемінде 4 (төрт) жыл немесе «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу саласында кемінде 2 (екі) жыл.;
- менеджмент жүйелері бойынша оқытудан өткендігі туралы сертификаттардың/аттестаттардың болуы (артықшылық) (ISO 9001 және/немесе ISO 14001 және/немесе ISO 45001 (OHSAS 18001) халықаралық және/немесе ұлттық үлгідегі).

Дағдылар:

1) сәйкестік аудитінің арнайы терминологиясын түсіну, меңгеру және қолдану дағдылары;

2) әлеуетті жеткізушінің алаңдарында шығу (выездной) верификациялық аудиттер жүргізу дағдылары;

3) озық аналитикалық қабілеттер және шығу верификациялық/үстелдік аудиттердің нәтижелері бойынша ақпаратты, есептерді, анықтамаларды дайындау дағдылары;

4) ПКО 2.0 шеңберінде жаңа санаттарды әзірлеу бойынша қойылған мақсатқа уақытылы және сапалы қол жеткізу үшін міндеттерді басқару және бөлу дағдылары;

5) пайдаланушы деңгейіндегі АТ дағдылары — MS Office және ақпараттық жүйе (Word, Excel, PowerPoint, Access, Outlook);

6) орыс және қазақ тілдерінде жазбаша және ауызша коммуникация саласындағы дағдылар;

7) ҚР-ның нормативтік бекітілген стандарттарын және нормативтік-құқықтық актілерін қолдану дағдылары.                                                                                

Білім:

1) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ҚР Заңы;

2) «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы» ҚР Заңдары;

3) «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы;

4) «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы;

5) ҚР Кәсіпкерлік кодексі;

6) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 «Техникалық реттеу туралы» Заңы;

7) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі № 61-IV «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңы;

8) Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 қазандағы № 183-VІ «Стандарттау туралы» Заңы;

9) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II «Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы;

10) «Самұрық - Қазына» АҚ сатып алуларын жүзеге асыру тәртібі және «Самұрық - Қазына» АҚ-ның сатып алу қызметі саласындағы өзге де құжаттар.

Функционалдық міндеттері:

  • ПКО 2.0 шеңберінде әлеуетті жеткізушілердің сауалнамаларын бастапқы қарастыру;
  • ПКО 2.0 шеңберінде үстелдік аудиттер жүргізу;
  • ПКО 2.0 шеңберінде шығу аудитін жүргізу;
  • ПКО 2.0 шеңберінде әлеуетті жеткізушілердің өзектендірілген сауалнамаларын тексеру;
  • ПКО 2.0 шеңберінде КПП тізіліміне енгізілген әлеуетті жеткізушілердің сәйкестігіне мониторинг жүргізу;
  • ПКО 2.0 шеңберінде жаңа санаттарды әзірлеу және/немесе қолданыстағы санаттарды өзектендіру;
  • ПКО 2.0 шеңберінде санаттар бойынша аналитикалық деректерді дайындау және талдау;
  • ПКО 2.0 бөлігінде әдістемені жетілдіру бойынша ұсынымдар қалыптастыру;
  • ПКО 2.0 жүргізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын/семинарларды/конференцияларды/онлайн-трансляцияларды өткізу;

Қоғам қызметіне байланысты Департамент директорының өзге де тапсырмаларын орындау;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)