Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және логистика қызметінің жетекші маманы

«Бутадиен» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
35

Қаралған саны:
342

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Бекітілген құрылыс кестесіне сәйкес жобаны материалдармен және жабдықпен жинақтауды жоспарлау және қамтамасыз ету. Жобаны материалдармен және жабдықпен жинақтау бойынша жиынтық ақпаратты жүргізу
  • Материалдар мен жабдыққа берілген өтінімдерді олардың дұрыстығын, толықтығын және негізділігін тексеру тұрғысынан талдау
  • Материалдар мен жабдықтың техникалық сипаттамаларын жобалық, өндірістік және өзге де мүдделі бөлімшелермен келісу
  • Жобаны жинақтау кезінде құрылыс процесіне қоймадағы қорлар мен материалдардың қалдықтарын тартуды ұйымдастыру
  • Құрылыс кестесіне және мердігер ұйымдардың іске асыру жоспарына сәйкес материалдар мен жабдықтың қоймаға уақтылы жеткізілуін бақылау
  • Материалдар мен жабдық жеткізу мерзімдерінің бұзылуына байланысты тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу
  • Жобаны жинақтауға байланысты тәуекелдерді жоспарлау, мониторингтеу және басқару процестерін ұйымдастыру
  • Жобаны жинақтау мәртебесі туралы есептілікті қалыптастыру және ұсыну
  • Жеткізілетін материалдар мен жабдықтың жобалық құжаттама талаптарына, нормативтік-техникалық құжаттарға және қолданыстағы стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету
  • Товариществоның сатып алу қызметін, шарттық жұмысты, бюджеттеуді, ақпараттық қауіпсіздікті, персониалдық деректерді қорғауды, антикоррупциялық комплаенсті және тәуекелдерді басқаруды реттейтін ішкі құжаттарының талаптарын сақтау
  • Өндірістің материалдарға, жабдыққа, қосалқы бөлшектерге және жинақтаушы бұйымдарға қажеттілігін жоспарлау және қамтамасыз ету
  • Өндірістік жоспарлар мен қоймадағы қалдықтарды ескере отырып материалдар мен жабдыққа қажеттілікті талдау
  • Жеткізілетін материалдар мен жабдықтың нормативтік-техникалық құжаттама мен пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкестігін бақылау
  • Өндірісті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу

Талаптар:

  • Кәсіби білім – жоғары білім
  • Білім бейіні – инженерия, экономика және қаржы, құқықтану, менеджмент, логистика, кеден ісі саласында
  • Функционалдық бағыт бойынша жұмыс өтілі – кемінде 3 жыл

Шарттар:

  • 2027 жылы жоспарланған қабылдау.

Қажетті қабілеттер

  • Организация закупок товарно-материальных ценностей
  • Работа с электронными закупочными системами
  • Владение MS Office (Excel, Word, PowerPoint)

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр