Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және логистика қызметінің маманы

«Бутадиен» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
42

Қаралған саны:
336

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Бекітілген құрылыс кестесіне сәйкес жобаны материалдармен және жабдықпен жинақтауды жоспарлау және қамтамасыз ету
  • Жобаны материалдармен және жабдықпен жинақтау бойынша жиынтық ақпаратты жүргізу
  • Материалдар мен жабдыққа берілген өтінімдерді олардың дұрыстығы, толықтығы және негізділігі тұрғысынан талдау
  • Материалдар мен жабдықтың техникалық сипаттамаларын жобалық, өндірістік және өзге де мүдделі бөлімшелермен келісу
  • Жобаны жинақтау кезінде құрылыс процесіне қоймадағы қорлар мен материалдардың қалдықтарын тартуды ұйымдастыру
  • Құрылыс кестесіне және мердігер ұйымдардың іске асыру жоспарына сәйкес материалдар мен жабдықтың қоймаға уақытылы жеткізілуін бақылау
  • Материалдар мен жабдық жеткізу мерзімдерінің бұзылуына байланысты тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу
  • Жобаны жинақтау мәртебесі туралы есептілікті қалыптастыру және ұсыну
  • Жеткізілетін материалдар мен жабдықтың жобалық құжаттама талаптарына, нормативтік-техникалық құжаттарға және қолданыстағы стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету
  • Өндірістің материалдарға, жабдыққа, қосалқы бөлшектерге және жинақтаушы бұйымдарға қажеттілігін жоспарлау және қамтамасыз ету
  • Өндірістік жоспарлар мен қоймадағы қалдықтарды ескере отырып материалдар мен жабдыққа қажеттілікті талдау
  • Жеткізілетін материалдар мен жабдықтың нормативтік-техникалық құжаттама және пайдалану құжаттамасы талаптарына сәйкестігін бақылау
  • Материалдық-техникалық ресурстармен өндірісті қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу
  • Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өндірістік, техникалық, қоймалық және өзге де құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау
  • Жүктi және өзге де материалдық құндылықтарды қабылдау мен өңдеу (жеткізуге/сүйемелдеуге), оларды жеткізуге (сүйемелдеуге), беруіне (тапсыруына) қатысты жұмыстарды жүзеге асыру

Талаптар:

  • Кәсіби білім – жоғары білім
  • Білім бейіні – инженерия, экономика және қаржы, құқықтану, менеджмент, логистика, кеден ісі саласында
  • Жұмыс тәжірибесі немесе басшылық лауазымдағы стаж – талап қойылмайды

Шарттар:

  • 2027 жылы жоспарланған қабылдау.

Қажетті қабілеттер

  • Организация закупок товарно-материальных ценностей
  • Работа с электронными закупочными системами
  • Владение MS Office (Excel, Word, PowerPoint)

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр