Слесарь по обслуживанию ремонту оборудования
ҚРҚ "БК "Заречное" Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
19.11.2026
- Берілген өтінім:
- 3
- Қаралған саны:
- 121
Лауазымдық жауапкершілік:
Жөндеуші слесарь мыналарды жүзеге асыруы тиіс: • күкірт қышқылы қоймасының сорғы қондырғыларының, жүк көтергіш машиналардың, АТҚ (автокөлік құралдары) және ӨҚ (өрт қауіпсіздігі) жабдықтарының тораптары мен агрегаттарына техникалық қызмет көрсету; • автотиегіштерге қызмет көрсету, жөндеу және оларды жүргізу; • УПБ аумағындағы технологиялық айналма автомобиль жолдары мен тұйық теміржол төсемін күтіп-ұстау; • барлық технологиялық жабдықтар мен барлық көлік құралдарының тораптары мен агрегаттарын жөндеу; • жергілікті атқарушы органдар УПБ аумағынан тыс жерлерде өткізетін қайырымдылық іс-шараларында жұмыс істеу; • ҚТ, ЕҚ және ҚОҚ (қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау) жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын білу және сақтау; • берілген жұмыс мүкәммалы мен жеке қорғаныс құралдарын мақсатына сай пайдалана білу және оларға ұқыпты қарау; • Қабылдаушы тараптың талаптарын сақтау, өндірістегі денсаулық пен қауіпсіздік менеджменті жүйелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының Қызметтер көрсетуге қойылатын өзге де талаптары мен нормаларын білу.Білім:
Орта техникалық, арнаулы орта немесе кәсіптік білім.Дағдылар:
Келесі техникалық бағыттар бойынша нақты білімнің болуы: • жөнделетін жабдықтардың, агрегаттардың және электр машиналарының құрылысы; • машиналар мен электротехникалық жабдықтарды реттеу ережелері; • электротехникалық жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, құрастыру және сынау барысында ақауларды жою тәсілдері; • қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты және қолдану ережелері; • әмбебап және арнайы айлабұйымдардың (құрылғылардың) конструкциясы, әртүрлі күрделі емес бөлшектерді белгілеу және өңдеу тәсілдері; • шақтамалар мен қондырмалар жүйесі, квалитеттер және кедір-бұдырлық параметрлері; • қышқылға төзімді және басқа да қорытпалардың қасиеттері; • жабдықтарды жоспарлы-алдын ала жөндеудің (ЖАЖ) негізгі ережелері.Қосымша:
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік» оқыту курсынан өткені туралы куәлігі (сертификаты) болуы тиіс.Білетін тілдер:
Қазақ тілі - ана тілі ; орыс тілінде еркін (ауызша).Ұқсас вакансиялар
ВХТА ЕМЕС_Қойма шаруашылығының 4,5 разрядты электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі Электромонтер (өтінім 31.08.2026 ж. № 60-02-05/2537 )-1 бірлік , Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
20.11.2026 | 1305
ӘШҚ тобының маманы
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
20.11.2026 | 131
"3-4-5-6 разрядты Механикалық құрастыру жұмыстарының слесары "(5 бірлік)"МАШЗАВОД" ЖШС
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
20.11.2026 | 1075