Токарь

ҚРҚ "БК "Заречное" Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
111

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Жекелеген тораптар мен агрегаттарды бөлшектей және құрастыра отырып, негізгі және қосалқы жабдықтарды ауысым сайын қарап-тексеру, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. • Токарлық жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланылатын жабдықтардың, қосалқы бөлшектер мен материалдардың сақталуын қамтамасыз ету. • Бөлшектерді орнату және дәлдеп тексеру (түзету) тәсілдері: • әртүрлі кескіш құралдардың геометриясы, термиялық өңдеу, қайрау және жетілдіру ережелері; • сорғылардың жаңа біліктерін (валкаларын) токарлық өңдеу және тозғандарын қайта жону, соның ішінде қиын өңделетін жоғары легирленген және тот баспайтын материалдардан жасалған бөлшектер мен құралдарды өңдеу бойынша көрсетілген жұмыстарды орындау; • бөлшектерді тазалай ажарлау (тегістеу); • сызбалар немесе үлгілер бойынша бөлшектерді өз бетінше жасау; • материалдар мен өндіріс қалдықтарын есепке алу; • учаскеде және бекітілген аумақта тазалық пен тәртіпті сақтау; • учаскенің жалпы жұмыстарына қатысу. • Өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар сыртқы және ішкі пішінді (фасонды) беттерді және қисық сызықты цилиндрлік беттермен түйіндесетін беттерді жону. • Люнеттерді қолдана отырып, ұзын біліктер мен бұрандаларды токарлық өңдеу. • Әртүрлі профильдегі және қадамдағы бұрандаларды кесу және домалатып салу. • 8–9 дәлдік дәрежесі бойынша бұрамдықтарды (червяктарды) түпкілікті кесу. • Бірнеше түйіндесетін беттері бар құралдарды жетілдіру операцияларын орындау. • Әмбебап жабдықтарда күрделі ірі габаритті бөлшектер мен тораптарды токарлық өңдеу. • Орнату кезінде құрама бекітуді және әртүрлі жазықтықтарда жоғары дәлдікпен тексеруді талап ететін, өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар, өтулер мен орнатулар саны көп күрделі эксперименталды және қымбат бөлшектер мен құралдарды 1–5 квалитеттер бойынша әмбебап токарлық станоктарда токарлық өңдеуді және жетілдіруді жүргізеді. • Бірнеше түйіндесетін беттері бар әртүрлі конфигурациядағы күрделі арнайы құралдарды 5-квалитет бойынша жетілдіруді және жылтыратуды жүзеге асырады. • Кез келген модульдегі және қадамдағы күрделі профильді көп кірісті бұрандаларды кесуді жүзеге асырады. • 6–7 дәлдік дәрежесі бойынша бұрамдықтардың (червяктардың) профилін түпкілікті кесуді жүргізеді. • Әмбебап және бірегей токарлық станоктарда күрделі ірі габаритті бөлшектерді, тораптарды және деформацияға бейім жұқа қабырғалы ұзын бөлшектерді токарлық өңдеуді жүргізеді. • Қиын өңделетін, жоғары легирленген, ыстыққа төзімді материалдардан жасалған бөлшектер мен құралдарды біріктірілген плазмалық-механикалық өңдеу әдісімен токарлық өңдеуді және қайта жонуды жүргізеді. • Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік, радиациялық, экологиялық және өрт қауіпсіздігі салаларындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтайды.

Білім:

Арнайы техникалық білім.

Дағдылар:

Әртүрлі үлгідегі токарлық станоктардың конструкциясы мен дәлдігін тексеру ережесі; күрделі бөлшектерді орнату, бекіту және теңестіру тәсілдері және өңдеудің технологиялық реттілігін анықтау тәсілдері; құрылғыны, геометрияны және кескіш құралдардың барлық түрлерін термиялық өңдеу, қайрау және өңдеу ережесін; өңдеудің белгіленген дәлдігі мен тазалығына жету жолдары; плазмалық-механикалық өңдеуге қойылатын талаптарды және осы әдісте арнайы құрылғыларды қолдану шарттарын; күрделі профильдерді калибрлеудің негізгі принциптері; анықтамалықтар мен станок паспорты бойынша ең тиімді кесу шарттарын анықтау ережесін; күрделі токарлық жұмыстарды орындауға байланысты есептеулер.

Қосымша:

Өңдеу және өлшеу үшін қол жетпейтін жерлері бар, күрделі тәжірибелік және қымбат тұратын бөлшектер мен 1-5 разрядтарға арналған аспаптарды әмбебап токарлық станоктарда токарлық өңдеу және әрлеу. орнату кезінде ұшақтар. Бірнеше түйісетін беттері бар әртүрлі конфигурациялы күрделі арнайы құралдың 5-разрядына сәйкес әрлеу және жылтырату. Кез келген модуль мен қадамның күрделі профилінің көп старттық жіптерін кесу. 6 - 7 дәрежелі дәлдік бойынша құрт профилін соңғы кесу. Әмбебап және бірегей токарлық станоктарда деформацияға ұшырайтын күрделі ірі габаритті бөлшектерді, тораптарды және жұқа қабырғалы ұзын бөлшектерді токарлық өңдеу.

Білетін тілдер:

қазақ және орыс тілдері