Персоналды басқару бөлімінің басшысы

«Oil Services Company» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
28

Қаралған саны:
456

   Конкурс туралы
Қажетті біліктілік:
Білімі:
Жоғары кәсіби білім.
Мамандық/кәсіп бойынша тәжірибе: Мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
Міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
1) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы
2) Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңы
3) Орталық аппарат қызметкерлерінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану ережелері
4) Қазақстан Республикасының Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы Заңы
5) Қазақстан Республикасының Жеке деректер және олардың қорғалуы туралы Заңы.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1) Келіссөздер жүргізу;
2) Офистік компьютерлік бағдарламаларды, байланыс және коммуникация құралдарын пайдалану;
3) Ақпарат жинау және талдау, құжаттар, қорытындылар, есептер дайындау;
4) ауызша және жазбаша коммуникация;
5) Еңбекті ұйымдастыру;
6) Аналитикалық қызметке бейімділік;
7) Инициативтілік;
8) Командада жұмыс істей білу;
9) Жауапкершілік;
10) Орындаушылық.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1) есептеу техникасының құралдарын, офис техникаларын, автоматика және байланыс жүйелерін қызмет көрсету, дамыту және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша Топтың қызметін ұйымдастырады.
2) телефония және байланыс, ақпараттық технологиялар саласындағы стратегиялық бағыттарды және даму тұжырымдамасын әзірлеуді, орта мерзімді және болашақ жоспарлау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, сондай-ақ Серіктестіктің өндірістік бағдарламасының және бизнес-жоспарларының Топпен басқарылатын бөлімдерін әзірлейді;
3) Серіктестіктің өндірістік бағдарламасының және бюджеттік баптарының, Топпен басқарылатын келісімшарттардың орындалуын бақылап, олардың орындалуы туралы есепті Топ атынан ұсынады;
4) топ қызметкерлерінің жұмыс істеуіне қажетті материалдық-техникалық жағдайларды жоспарлап, олардың біліктілігін арттыру және кадрларды даярлау жұмыстарын ұйымдастырады;
5) топ қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін уақытында және сапалы орындауын бақылап отырады;
6) заманауи ақпараттық технологиялармен өндіріс пен кәсіпорынды басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық қызметтер нарығын есепке алып, талдау жүргізеді;
7) өзінің функционалдық міндеттерін орындауға байланысты барлық мәселелер бойынша ұйымдастырушылық-бұйрықтық құжаттаманы ұйымдастырады;
8) кәсіпорындағы ақпараттық жүйелерді бақылауды жүзеге асырады;
9) 1С есептік жүйесін техникалық қолдау көрсету бойынша шарттағы міндеттемелердің бар болуын бақылайды, қызмет көрсетушінің жұмыс қабілеттілігін қолдау, баптау және ЕСОТ ақпараттық жүйесімен интеграцияны қамтамасыз ету талаптарын орындауын тексереді. Сондай-ақ, бөлшектеп есеп жүргізу және ERP жүйелерін енгізу мен техникалық қолдау процесіне бақылау жүргізеді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, кодекстер немесе басқа ішкі құжаттар мен заңнамамен белгіленген талаптарды сақтау немесе оларды сақтау мүмкін болмаған жағдайда тікелей басшыға хабарлау;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы жасалғаны немесе жоспарланғаны туралы білген жағдайда, дереу комплаенс функциясына хабарласып немесе «Қызыл желіге» жүгіну;
12) жеке үлгі көрсете отырып, қауіпсіз мінез-құлық пен ережелер мен нормаларды сақтауды, сондай-ақ басқа қызметкерлерді ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ талаптарын сақтауға тарту және ынталандыру;
13) өндірістегі қауіптіліктер мен тәуекелдерді басқаруға, тәуекелдерді азайту, ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ жақсарту бойынша тиісті іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурулардың, оқиғалар мен төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
14) қызметкерлермен жабдықтар мен механизмдерді жөндеу және пайдалану қызметі шеңберінде орындалатын жұмыстар барысында құрылымдық бөлімшелердің әрекет етуші өндірістік бірліктері мен нысандарында жабдықты пайдалану, жөндеу, құрастыру және баптау жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді және оған жауапты болады;
15) ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ жай-күйін, сондай-ақ жабдықты жөндеу және пайдалану кезінде қызметкерлердің қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сақтауын тексереді, ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ жөніндегі тұрақты әрекет ететін комиссия құрамында өзіне бекітілген нысандардағы ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ жай-күйін тексереді, анықталған сәйкессіздіктерді талдайды және оларды жою бойынша іс-шараларды әзірлейді
16) өндірістік үдерістер мен жекелеген жұмыстардың қауіпсіз және дұрыс ұйымдастырылуын қауіпсіздік ережелері мен нормаларының талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді;
17) қауіптілігі жоғары жұмыстарды наряд-рұқсаттар бойынша және белгіленген тәртіпке (ереже, нұсқаулық) сәйкес орындалуын ұйымдастырады
18) қызметкерлерді еңбектің қауіпсіз әдістеріне уақтылы және сапалы оқытуды ұйымдастырады, нұсқамалардың уақтылы және сапалы жүргізілуін бақылайды.

Қосымша ақпарат:
Позицияның мақсаты: компанияның негізгі бизнес-процестерін автоматтандыру және цифрландыру бойынша жобаларды ұйымдастыру және іске асыру.

Міндеттері: 
-Қолданыстағы бизнес-процестерді талдау және сипаттау (AS-IS)
-Мақсатты процестерді (TO-BE) және регламенттерді әзірлеу
-Компанияның цифрлық архитектурасын бақылау
-IT-шешімдерді таңдау және енгізу (CRM, ERP, BPM, 1С, BI және т.б.)
-Әзірлеушілерге / мердігерлерге техникалық тапсырмалар қою
-Іске асыру мерзімдерін, бюджетін және сапасын бақылау
-Қызметкерлерді жаңа жүйелерде жұмыс істеуге оқыту
-Автоматтандыру тиімділігі бойынша KPI әзірлеу
-Өзгерістерді басқару және персоналдың қарсылығын төмендету.
Қосымша талаптар:
-AI- жобаларын басқару және жүргізу тәжірибесі
-BPM, Lean және процесс негізінде басқару қағидаттарын түсіну
-1С, CRM, ERP немесе ұқсас жүйелерді енгізу тәжірибесі
-Бизнес-процестерді сипаттау дағдылары (BPMN білу артықшылық болады)
-Әзірлеушілермен өзара жұмыс тәжірибесі
-Жүйелі ойлау және нәтижеге бағдарлану
-Өзгерістерді басқару дағдылары.
Артықшылық болады:
-Мұнай-газ саласындағы тәжірибе
-Құжат айналымын цифрландыру тәжірибесі
-BI-құралдарын, SQL, Python білу.
Жауапкершілік аймақтары:
-Қолмен орындалатын жұмысты азайту
-Процестердің ашықтығын арттыру
-Қателіктер мен шығындарды қысқарту
-Компанияны басқарудың тиімділігін арттыру
-Бірыңғай цифрлық ортаны қалыптастыру.

Қажетті қабілеттер

  • Анализ и описание текущих бизнес-процессов (AS-IS)
  • Разработка целевых процессов (TO-BE) и регламентов
  • Контроль цифровой архитектуры компании
  • Выбор и внедрение IT-решений (CRM, ERP, BPM, 1С, BI и др.)
  • Постановка задач разработчикам / подрядчикам
  • Контроль сроков, бюджета и качества реализации
  • Обучение сотрудников работе в новых системах
  • Разработка KPI по эффективности автоматизации
  • Управление изменениями и снижение сопротивления персонала

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр