"ҚМГ Инжиниринг" ЖШС СКП жобаларды сүйемелдеу басқармасының аға инженері (уақытша)
ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
| Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік) | Тиісті қызмет бойынша жоғары кәсіптік білімі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім |
| Кәсіби саладағы жұмыс өтілі | Ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда, сондай-ақ лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн. |
| Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі | |
| Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі | - |
| -Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу; -Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін білу; -Мұнай-газ саласының негіздерін білу; -Жобаны басқару процестерін білу; -Ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу әдістерін білу; -Қабаттың мұнай беруін арттыру және ұңғымалардан мұнай өндіруді қарқындату әдістерін білу; -Қабатта жүретін физика-химиялық процестерді білу; -Қабат гидродинамикасының және ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу (ҰГЗ) негіздерін білу; -Қабат қысымын ұстау (ҚҚҰ) қағидаттарын білу; -Кен орындарын игеру көрсеткіштерін есептеу әдістемелерін білу; -Мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарын игеру мен пайдаланудың технологиялық негіздерін білу; -Мұнай-газ саласындағы жобалардың өмірлік циклінің кезеңдерін және олардың негізгі ерекшеліктерін білу; -Ақпаратты жүйелеу және талдау әдістерін білу. |
|
| -Жоба құрылымын қалыптастыру дағдылары; -Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары; -Презентациялар өткізу, іскерлік қарым-қатынас жасау және іскерлік хат алмасу дағдылары; -MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook) бағдарламаларын пайдалану дағдылары; -Пәнаралық команда құрамында тиімді өзара әрекеттесу дағдылары; -Графикалық материалдармен жұмыс істеу, кен орындарын игеру карталарын, изобар карталарын құрастыру, игеру көрсеткіштерінің графиктерін талдау және т.б. дағдылары; -Көмірсутек кен орындарын игеру жағдайын және геология мен кен орындарын игеру саласындағы жобалық құжаттаманы талдау дағдылары; -Кен орындарын игеру жөніндегі жобалық құжаттармен жұмыс істеу дағдылары; -Оператор компанияның цифрлық модельдерімен жұмыс істеу дағдылары; -Кен орындарын игерудің болжамдық сценарийлерін әзірлеу, оларды аналитикалық әдістермен, сондай-ақ мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (Petrel, Intersect немесе олардың баламалары) пайдалана отырып есептеу дағдылары. |
|
| -Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды; -Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды; -Бөлімшенің қызметіне және қызметкердің функционалдық міндеттеріне қатысты тікелей басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды; -Өндірістік бағдарлама шеңберінде жобалар бойынша сапалы есептіліктің дайындалуын және жұмыстардың/есептердің уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді; -ТШО мұнай-газ жобалары бойынша зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде кен орындарын жайластыру, құрылыс, технологиялық процестер, күрделі шығындар, ұңғыма өнімдерін дайындау, өңдеу және тасымалдау, сондай-ақ инфрақұрылым объектілері мәселелері бойынша қорытындылар мен ұсынымдар әзірлейді; -Ірі мұнай-газ жобаларын (ТШО/КПО/СКП) іске асыру шеңберінде кен орындарын жайластыру және технологиялық процестер бөлігіндегі жобалық шешімдерді талдайды, олардың іске асырылуын сүйемелдейді және тиісті ұсынымдар береді; -Оператор компаниялардың техникалық кеңестеріне, комитеттеріне және жұмыс топтарына қатысып, ұсынымдар мен қорытындылар береді; -Жобаларды іске асыру шеңберінде кен орындарын игеру және геологиялық-гидродинамикалық модельдеу бөлігіндегі жобалық шешімдерді талдайды, олардың іске асырылуын сүйемелдейді және тиісті ұсынымдар береді; -Кіріс деректерін біріктіреді және кен орындарын игеру нұсқалары бойынша есептеулер жүргізеді; -Жобалар бойынша кен орындарын игеру, геологиялық-гидродинамикалық модельдеу, модельдерге сараптама жүргізу, мұнай бергіштікті арттыру технологиялары, игеру нұсқаларын есептеу және технологиялардың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсынымдар әзірлейді; -Өндіру, айдау, ұңғымалардың жұмыс режимдері, қысым көрсеткіштері және перфорация бойынша деректер базасын, оның ішінде кен орындарын геологиялық-гидродинамикалық модельдеуге арналған деректер базасын қалыптастырады; -Кен орындарын игеру және пайдалану жөніндегі жобалық құжаттардың орындалуына мониторинг жүргізеді; -Гидродинамикалық модельдеуге арналған есептік файлдарды және кен орындарын игерудің дербес балама нұсқаларын дайындайды; -Өзіне бекітілген кен орындарында кен орындарын игеру, геологиялық-гидродинамикалық модельдеу, модельдерге сараптама жүргізу, мұнай бергіштікті арттыру технологиялары, игеру нұсқаларын есептеу және технологиялардың тиімділігін бағалау мәселелері бойынша жобалық және атқарушылық құжаттамаға сараптама жүргізеді; -Бөлімшенің функционалдық міндеттері шеңберінде сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшелік әзірлейді; -Тапсырыс берушінің проблемалары мен міндеттерін шешу мақсатында ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру жұмыстарын (ҒЗЖ/ЖІЖ) орындайды; -Осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқарады. |
|
| жоқ | |
| жоқ | |
Анықтама: * Сирек кездесетін мамандардың қажеттілігі және бос жұмыс орнының күрделілігі туралы ақпарат. ** Босатылған позиция туралы ақпарат (қызметкермен еңбек шартын бұзу, ұйымдық құрылымды өзгерту кезінде, оқу демалысы, жүктілік және босану бойынша демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс (ұзақ демалыс), зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкердің зейнетке шығуы және т. б.) |
|
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС СКП жобаларды сүйемелдеу басқармасының аға инженері
ҚМГ Инжиниринг | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.11.2026 | 173
"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС КПО жобаларды сүйемелдеу басқармасының жетекші инженері
ҚМГ Инжиниринг | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.11.2026 | 164
"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС алдын ала барлау басқармасының жетекші инженері
ҚМГ Инжиниринг | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
19.11.2026 | 433